Даналық
Бір жігіт бар еді қуатты, батыр,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Бір жігіт бар еді қуатты, батыр,Қаны қайнап тасыр, өзіне сыймас.Дүние бейне аяғына бағынған,Ескерту әсер етпес, насихат ұқпас.Қалар еді даңқ-шөһрат шарабынан ішсе,Оның аты болса тілдерде дастан.Еш жаудан қорықпаса, оттардан өтсе,Шексіз жеңімпаз батыр атанып абырой тапса.Ұлы қолдарды бастаса соғысқа,Палуандар ішінде сардар аталса!Дұшпандарға шашып от, жалын,Жүзі жау көкірегіне күмәнсіз қадалса!Бірақ ойланып қалды – бұл оңай емес,Оған жол бойы ұстаз керек.Оған дертін дастан етіп айтатын,Жандай жақын сырлас керек.Құштарлығы теңіздей тасыды,Бір ұстазды оған жолықтырды Құдай.Дереу мынадай болды оның сауалы:«Не істесем маған толық бағынар дүние?»Ұстаз әулие еді – сырлардан хабардар,Хикмет нұрларынан жүрегі нәсіпті.Күлімсіреп қарады жігітке ықыласпен,Деді: «Құлақ сал, ей, дана перзент!Дүниені жаулау қиын іс емес,Жаһанға әмірші болу – жақсы амал.Бірақ одан бұрын бар бір тапсырма,Яғни бір шартты орында әуелі!Көзіңді бағындыр – қарамасын жаман ниетпен,Бос сөзбен құлаққа берме азап.Тіліңнен әрдайым хабардар бол –Ғайбат пен өтірікті сөйлеме әсте.Тәніңе әмір ет – мойынсұнсын,Жүрегіңнен бір сәт те ғапыл қалма.Нәпсіңді тізгінсіз қойма бір сағат,Яғни өзіңе бол кемел патша!»Жігіт ұстазына сенім артып,Өзіне қарсы өзін жұмылдырды.Күрес тоқтамады жылдар бойы, әттең,Тоқтамай өршіді күннен күнге қатер.Бір күні тыныстап басын көтерді,Көз тастап айналаға шаршаған данагөй.Сәттер бірін-бірі қуып өтер еді,Ол болса бас иді хақ сөзге, мойындап:«Қолға алып адам адамдық белгісін,Көз бен көңіл ісін шешіп алса –Яғни Хаққа тапсырса болмысын,Әлемде жаһангер болудан артық!»Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.