Өмір
Жас отыз бестен бір жылға асты,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Жас отыз бестен бір жылға асты,Тәнде азайды жастықтың химиясы.Бір кездері денеге от сыймай, тасты,Бүгін ақырын жеңуде рухтың ұяты.Бәлкім, ақырын кетіп жастық есерлік,Енді байсалды қарар кісілік ақыл.Бүгін көзге айқын жоқтықтан ұшқын,Енді сөйлеуге үнсіздік хақылы.Енді жүрек әлсіз – әр сөзден жара,Енді өрлеп-түсер қанның қысымы.Енді көңіл тек адалдық тілейді,Тілер мұңдасын – сұхбаттың асылын.Енді уақытты қуып, ұстауға хал жоқ,Енді надандықпен таласқа жоқ мадар.Жүрекке қадалмасын деп адасқан оқ,Тән оңашада көрінер ашық-жария.Әй, асығыс досжаным, әй, тасқын тән,Неге тыным жоқ, көп болар жәбірің?Саған қадірлі деп бергенмін есім,Неге тыныштыққа көнбейді сабырың?Бір сәттік өмірді лайлап, ақыры,Неге қараңғылықты көзге жабасың?Бір сәттік тіршілікті ащы ғып, тұздап,Бұл тар жаһан ішінде не табасың?Қарсыңда тұрған бұл жаралы тәнКөп шауып, жүгіріп, талай ұмтылды.Ақыры, иығына тастады кебін,Өйткені фәни деген майдан көрінді…Акром МАЛИК




Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.