Тіл

Махаббат

Биік тауға шықпайынша білу мүмкін емес

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Биік тауға шықпайынша білу мүмкін емесБұл әлемнің кеңдігін, айбынын.Сырат көпірінен өтпейінше күлу мүмкін емес,Көрмейінше жәннаттардың гүлзарын.Жүрекке ғашықтық жебесі қадалмайынша,Өмір дәмі адамзатқа бөтен.Ғашықтық даласында мәжнүн деп аталмаса,Адам тәні рухы үшін қиранды.Ғашық болған шыдамай айрылық отына,Ақыл-есін жоғалтпаса, есеп емес.Еркін тапсырмаса рух-тотыға,Түндер қан-қан жыламаса, азап емес.Қайыршы болып сүйіктісінің есігінеБарып иттей қорлық көріп, қуылмаса;Жатып дерттің табыттай бесігіне,Көзден аққан жасымен жуылмаса;Жары оның уайымын ұқпаса,Зұлымдық етсе тоқтамастан жан ауыртып;Аһ пен нала шексе, әсте тыңдамаса,Сөгістен киім кигізіп, жебе жаудырып;Әрі сүйіктісі нәубетте қалса кенет,Жанын берсе құтқару үшін сол сәт;Әй, ғашықтар қауымы, құлақ түріңдер, болыңдар хабардар,Бұл ғашықтық үшін жазса болар өлең мен дастан.Өйткені мұны ғашықтық десе, лайық,Ғашық деген атқа тұрарлық сол құрбан жан.Кім махаббат көшесіне қадам басыпты,Оған құтты болсын енді мұңлы өмір.Әй, «сүйдім» деп тозаңдай дертке шыдамаған,Сүйіктіңді нәубетте тастап кеткен кісі!Нәпсі аталған зынданынан шыға алмаған,Ғашықтық сен сияқты сәбилердің ісі емес!Акром МАЛИК

3 130рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.