Тіл

Махаббат

Ғашықтық шөлін кезбейінше сен,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Ғашықтық шөлін кезбейінше сен,Айрылық ауруын сезбейінше сен,Әлем-дүниеден безбейінше сен,Хаққа барар жолды көре алмассың.Ғашықтық шөлін кезсең де, бірақСүйікті үшін жылап салмасаң әуен,Болмысыңа сыймай көзіңнен дарияТаспаса, Хақ жолында жүре алмассың.Хақ жолында жүрдің, алайда әр сәтРахат деп білмесең шеккен қасіретті,Тіпті сыйламасаң өміріңді де,Қауышу даргаһына бара алмассың.Ақиқаттың нұры, тәжәллиі – ғашықтық,Ғалам жұртының арманы – ғашықтық,Еран мен абдалдардың сәні – ғашықтық,Ғашықтықсыз Жамалын көре алмассың.Ғашықтық келсе, жүзінен кеудең тілінер,Жаныңды күйдірсе, рухың пәк болар,Бұл қандай мағрифат, қандай ізгі түсінік болар –Ғашықтықсыз аяғына бас ұра алмассың.Акром МАЛИК

3 820рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.