Даналық
Күдік даласын сандалып кезіп,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Күдік даласын сандалып кезіп,Бір хикмет иесіне кезікті жігіт.Көңілінде шынайы құрмет сезіп,Деді: «Адамзатты жеңеді орта.Бірақ қарсы тұрудың мүмкіндігі бар маОрта толқынына әлемде, әттең?!Әлде орта әрдайым жанға азар ма,Құтылу болмас па адамға, шынымен?!»«Табандылықтан жырақ, сенімі әлсізАдам орта үшін жем болар, әлбетте.Кім иманмен бел буса мықтап,Табандылығы дертке ем болар, әлбетте.Яғни жылдар өтер, айлар да өтер,Сөгіс боранының шаңында қалмас.Дариялар да өтер, сайлар да өтер,Ала-құла орта түсінде қалмас.Яғни ұзақ жағып сынақ оты,Жүректен кете берер екіжүзділік таты.Ақыры, сол жанның етегін ұстап,Соған үйлесер ортаның түсі.Бірақ күресуге кімде бар төзім,Қоршауға әр кім де бере алмас төтеп.Миллиондар ортаға иілер, текБір кісі топанға бере алар төтеп!»Тағы сұрақ берді жас адам,Жауап салмағынан ауыр ой басып:«Қай адам осынша азап болса да,Жеңіске жетуге болар лайық?..»«Тыңдау қандай жақсы, ойлау әдемі,Хақ сөзге тозаңдай қарсылық етпеу!Бұл жұмбақ ежелден шешілген:Өмірде жеңімпаз – кім ұстаз тұтса!»Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.