Тіл

Өмір

Егер дос болсаң бір ер жүрекпен,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Егер дос болсаң бір ер жүрекпен,Әсте қалмассың халінен бейхабар.Ең алдымен опаны Құдайдан тіле,Сонда достық ағашынан табарсың жеміс.Егер «доспын» деген апта, ай өтіп,Сені есінен шығарып ұмытса,Енді сен де мүлде алысқа кетіп,Оңашада жалғыздық жібін ұста.Көмегіңе досың мұқтаж болса егер,Тәніңнің ішінде бар болса әл,Қандай қызмет болса, жанмен атқар,Жаның шықсын, өл, бірақ ауырсынба.Аспан айналады сенен сұраусыз,Кейде әлсіздігің келер жеңімпаз.Достың көмегіне сезіп мұқтаждық,Табалдырығына барсаң бас иіп егер,Нәубет көзіңді етпесін соқыр,Мұқтаждық ақылыңды алмасын, сол сәт.Егер дос дегенің жымиып әзер,Келуіңді алса тозаңдай ауыр,Етегіңді жинап, есің барда,Бұл «дос»қа дертіңді мәңгі айтпа.Мейлі, жаның шықсын, өл, бірақМұндай кісі қасына ешқашан қайтпа!Акром МАЛИК

3 250рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.