Сабыр
Бүкіл әлем бас тартып кеткен ауыр сәтте,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Бүкіл әлем бас тартып кеткен ауыр сәтте,Жалалардың жүзінен жүрек ауырған сәтте.Нан жегендер жаныңа қанжар салған сәтте,«Жан» дегендер сен үшін дар құрған сәтте.Көңілдер күдікке берілген сәтте,Шайтан айналада шат, керіліп тұрған сәтте.Үміт көшеті қақсап, су іздеген шақтарда,Қайғы деп аталған қап-қараңғы құдықтарда.Сенімдер іргетасы сызат кетіп еріксіз,Ібілістің әскерлері мейрам етсе бақытты.Хақтың рахметі тұрып, қаһар талап етсе,Хақтың жәннаты тұрып, азап талап етсе.Сенен басқа әр кісі өзін әулие деп,Маңдайыңа жазылған сөзді қап-қара деп.Басыңа аударылса дүниенің тауы мен тасы,Батса кенет жарқырап тұрған достық күні.Екі халды көрерсің өміріңнің алаңында,Бірі қылықтарыңда, бірі достың жанында.Кімге еттің, әй, сорлы, зұлымдық-жәбір, еске ал,Кімге ішіңде қаздың сен де қабір, еске ал.Кімге бердің азаптар қасақана, надандықпен,Енді өзің шынжырда – жылар халменен.Сен кімді ұқпадың – сені ұқпады,Сен кімді тыңдамадың – сені тыңдамады.Қай істе шектен астың, шегіңді ұмытқан едің,Қай істе нәпсі әмірін еріксіз ұстаған едің?!Барлығын еске түсір – тәубеге жүз бұр, пенде,Амал дәптерің бетінде шын жүректен ізден, пенде.Егер кімнен көрген болсаң бекер ауыру, азап,Сен оны кешірерсің, Сені кешірсін Тәууаб.Сенің атыңды біреу ақ деп айтпаса, күйме,Атың мен абыройыңды пәк деп айтпаса, күйме.Басыңды сәждеге қой, күйіп шегерсің нала,Әр істі Құдай Тағалаға түгелдей ет хауала.Екінші хал сол: «доспын» деген қай ер,Басыңа жауғанда осынша сұмдық дерт,Жаныңда болар ма екен сенімі мен антымен?Қорғар ма екен қайраты мен айбынымен?Дос деген, ең алдымен, абыройыңа қалқан болар,Жүздерге кеудесін тосып, тәні қып-қызыл болар.Сені күнәда көрсе, қайтарар, дұға етер,Құдайға жалынып көп, сөзіне опа етер.Не болса да болсын, дос, дүниенің ісі сол,Дүние деген жүрегіңді махаббатпен күйдір.Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.