Тіл

Махаббат

Енді біл, әй, сүйікті, отыңда жанбаспын,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Енді біл, әй, сүйікті, отыңда жанбаспын,Отта жан десе де, бас тартамын, көнбеспін.Еске алсаң да күнде хат жазбаймын енді,Есіңнен де, түсіңнен де әсте кетпеймін енді.Қанша алыс қаш, еремін көлеңкеңдей,Өзің жазып, күнде оқитын хикаяңдай.Іздеп, мейлі сөк, қаласаң, сәлем бер,«Қасыма кел» дегендей түрлі-түрлі белгі бер.Мейлі, бәлкім келер деп есігіңді жаппассың,Бармаймын, ойлама, алдыңнан таппассың!«Кел» деп құрмет ет, жүгіріп қызмет ет,Қонағың болмаймын, не ниет етсең де ет.Мен үшін жол басып, мені іздемейінше,Жүзімді сағынып, жылап боздамайынша!Көлеңкемді де саған лайық көрмеймін,Өлі ме, тірі ме деп, халіңді сұрамаймын!Акром МАЛИК

3 090рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.