Иман
Әлемді жаратқан шақта Құдай Тағала
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Әлемді жаратқан шақта Құдай ТағалаАдамның жүрегін етті өзек-тірек.Яғни жер жайылды, көк болды биік,Тек көңіл үшін бітті бұл жеміс.Аспан жеті қат, жер жеті қабат,Көктің үстінде жәннат жарқырар.Құдайдың қаһарынан тілер мейірім,Күйіп жер астында тозақ, сірә.Қанша адам болса, бәлкім, одан көпЖындар жер бетінде өмір кешуде.Әр қабат аспанда ығы-жығы болып,Періштелер ғибадаттан тоқтамас бір сәт.Арштың ортасында Бәйтул-Мағмур бар,Тауапқа асығар періштелер тобы.Күрсі, Ләух пен Қалам одан жоғары,Айбынды, Құдайдың үкіміне лайық.Егер жер мен аспан болса бір жүзік,Оны тастап қой шөлге тұтастай –Көзге көрінер ме, ойлан дұрыстап,Арш сондай ұлы, сөзсіз, күмәнсіз.Бүкіл ғалам, жәннат пен тозақ,Мейлі Күрсі, мейлі Арш, мейлі Ләух пен Қалам –Барлығын жина, әй, көңілі шат,Ойдан шығарма бір тозаңды да!Есте ұста сансыз періштелерді,Еске ал жын әлемін – қандай кең ол.Адамдарды келтір бұл сәт ақылыңа,Кім шат, кімдердің халі тар ол.Елшілер мен пайғамбарлар – жүз мыңнан астам,Әлемді дірілдеткен сұлтан, шаһтар ше?!Хақ құштарлығында жанған, адалдық орнатқанӘулиелер мен олар шеккен аһтар ше?Қара, қандай үлкен салтанат ізі,Қандай кемел бұл илаһи мүлік!Қанша қиял етсең де, боларсың әсте –Егер ләззат сезбесең, мүрде, өлік!Осындай шексіз өнер, бұл ілім мен хикметИлаһи сипаттан қайнап шыққан ол.Тыңда, әй, ояу жүрек, жігер иесі,Барлығынан мұрат-мақсат – сол ғана –Яғни көңіл – әлемге жүрек,Хақ өнерінің рухы – көңіл.Бірақ көңіл сырын ұғу керек,Жүрексіз адамдардан алыс тұр, түңіл.Егер Хақты танып, иманға толса,Махаббат құштарлығынан толғанса үнемі –Не «Я, Хақ» деп жылап, не «Хақ» деп өлсе,Сол жүректің аты – көңіл, тамам!Сол көңіл – әлем орталығы,Бүкіл аспандар оған көбелек.Тек Хақпен ғана оның демі,Оған бүкіл дүние бөтен.Сол көңіл білер: Хақ Заты үшінБарша жаратылыс тозаңдай тұтқын.Хақ Затының алдында мыңдаған бүтінАрштар мен ғаламдар түкке тұрғысыз, ұсақ.Енді сондай көңіл алданса кенет,Яғни піспеген, шикі, күймеген бір жүрек –Әлемнің сырынан бола алмай хабардар,Адамға өзін тапсырса түгел.Яғни күйіп-жанса отта тұтастай,Жарының құштарлығында шексе аһ, азап.Хақ оны Өзіне бағыттау үшінСол жардың қолынан берер азап-уайым.Яғни Нағыз Жарын етіп ұмыт,Сұлулар көркіне болса мұбтала,Пітне теңіздері толқып, тасып,Сүйіктілерден келер теңдессіз бәле.Көңіл бұл апатқа бере алмай төтеп,Жаралы құс сияқты жан-жаққа ұшар.Ақыры, ұшуға таба алмай шыдам,Илаһи Хикмет алаңына түсер.Басын иіп, ұзақ жылап есірген,Хақтың құзырына сүйретіліп келер.Ғапылетте болғаны үшін ұятты,Қан-қан қақсап, Хаққа тәубелер етер.Әй, көңіл! Әй, қамкөңіл, әй, мұңлы жаратылыс,Неге ғапылетіңді ұқпайсың еш?!Еске алсаң, Құдайды еске ал тек қана,Дүние жылтырынан, түнегінен кеш!Неге бас иіп опасыздарға,Неге залымдардан тартасың жапа?!Бет бұрма ешқашан ұятсыздарға,Ұялмайсың ба, ақыр, Құдайдан?!Әй, көңіл! Жолға опасыздық етпе,Дүниеқорларға болма ғашық-елік.Қаласаң ақыл сенбес мейірімді,Құдайдан басқаға байланба әсте!Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.