Сабыр
Жала тасын атқан қолдар кесілер,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Жала тасын атқан қолдар кесілер,Жала сөзін айтқан тілдер кесілер.Жалақор тілінен, әлбетте, асылар,Сен болсаң жалғастыр, тоқтама, әй, дос,Мұң күлінде бықсыма, әй, дос.Кім қанжар салды жүрекке, ұмыт,Кім жүзін бұрды, алысырақ кет.Шындық пен адалдықты мықтырақ ұста,Бір күн бар – ең ұлы сот, әй, дос,Тұрақсыз кісілерге ұқсама, әй, дос.Шектен асқан қайғы жүрек қысар,Қамның шеңгелінде тыпырлар жан.Мұңнан жеңімпаз бол, жеңбесін шайтан,Жаулардың алдында ақсама, әй, дос,Зұлымдық түнегінде қақсама, әй, дос.Тәнді жайласа обыр егер,Түбінен кеспесең, келер қауіп-қатер.Өтірікші дос обыр уынан бетер,Өтірікші шеңгелінде дірілдеме, әй, дос,Ғапылет құшағында мүлгіме, әй, дос.Сұм хабар – сұм қадам болар, сөзсіз,Сұм қадам келсе, қам келер, сөзсіз.Сұм сөзден сенімдер өлер, сөзсіз,Сұмдарды дос тұтып, жылама, әй, дос,«Өкініш» деп кеудеңе таңба баспа, әй, дос.Дос деген үміттен сөздер ашылар,Ол келсе, қайғылар, қамдар қашар.Көзінен жарық, нұрлар шашар,Адасып, сатқынды еш құшпа, әй, дос,Шын достан ешқашан бас тартпа, әй, дос.Азап пен ашудан, түн мен түтіннен,Жаман ырым, жаман хал, жын мен жынданудан,Сөйлесе тынбастан үрей мен мұңнан,Мұндай кесапатты сақтама, әй, дос,Көмірді тазалаймын деп ақтама, әй, дос.Көрдік үнемі түңілгіш, қам тасушыларды,Сенің қайғыңнан ас ішетіндерді.Жаман сөз, жаман өсек тасушыларды,Олардың қолында бар тұзақ, әй, дос,Оларды көрсең, қаш алысқа, әй, дос.Егер көрсең біреу жан берер халде,Халіне мейірім, рақыммен қара!Мейір көрсет, бәлкім, азабы әріКетсе, ғажап емес, ихсан бұл, әй, дос,Осы істі қылған – шын адам, әй, дос.Тіпті тастар жауса, айт жақсы сөздер,«Тәубе, рахмет бар» де, жайнасын көздер!Жақсылық жақсыны, әлбетте, іздер,Жақсы бол, жақсылық табар, әй, дос,Хақ рахмет пердесін жабар, әй, дос.Қайғылардан жүрегіңді ет азат,Күйзелістен өңің болмасын сары!Болсын үнемі жүрегің түні-күні жарық,Қане, мұңнан шық, қане, күл, әй, дос,Хақтың рахметі кең, үміт қыл, әй, дос!Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.