Тіл

Иман

Адастым. Адастым. Қателер қылдым.

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Адастым. Адастым. Қателер қылдым.Сөздер тұзағына салдым басымды.Ақыры, Саған қарай жалаңаш келдім,Қарныма байладым мойындау тасын.Сөз өнерінің болдым сұлтаны,Үнсіздік шынжырында құл қыл, Құдайым.Даңқ-атақ уын ішіппін қанып,Енді белгісіздікке көм, сол екен орным.Қай шөлдерде қаңғыдым мәжнүн,Қай бұрыштарда қалдырдым күнә…Бүгін бәлелерден құтылу үшінСөздер құйынынан, Раббым, бер пана!Маған зұлымдық қылған, азаптар берген,Бекер қинаған өзімнен құтқар.Рухыма екіжүзділіктен зындандар құрған,Жалғаннан тұратын сөзімнен құтқар!..Неге сөйлеуге батылдық еттім!Неге мінберлерден іздедім мәртебе!Сенің сөйлегенің жетер ғой, бұдан былайСөзіңе құл ет мені тұтастай!..Акром МАЛИК

3 310рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.