Иман
Адамды жаратқанда әлем Жаратушысы,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Адамды жаратқанда әлем Жаратушысы,Періштелер қатты таң қалды.«Сендер білмегенді білемін мүлдем», –Деді Хақ: «Әміріме абыржымаңдар!»Адамға сәжде қыл дегенде Құдай,Сәждеге жығылды барша періште.Бірақ ібіліс ұлықтықты дау етіп,Адамды сәждеге көрмеді лайық.Мойнына ілінді лағнет тұзағы,Хақтың мейірімінен қуылды мүлде.Кімнің тәкаппарлықпен бар байланысы,Болар ма халі бұдан да бетер?!Сонда Хақ деді: «Әй, періштелер қауымы,Сендер білмегенді білемін дедім».Періштелер айтты: «Кешір бізді, Хақ!»Өйткені ібіліс тәкаппарлығы жасырын еді.Мың жылдар нәпсі ішінде жасырылған сырӘшкере болды Адам жаралған себепті.Сондықтан ұқ, әй, бейшара пенде,Сырлар бас көтерер тұмандар тарап.Сен де пәкте үнемі жүрегіңді, әй, кісі,Күдік пен күмәнді шетке лақтыр.Бір күні ақиқат үн бергенде,Аппақ болып шықсын жүрегіңдегі сыр.Күдікке құл болып жүргенде сен,Сенім ішіңде мықты болмаса,Күпірдің түнегі шашын жайғанда,Айырылып қаларсың гауһарыңнан да.Сенімің кемел болмайынша,Ішіңде бар екен азғантай кір,Жала ағаштары түйгенде өнім,Жеп қойып, ғапылетке түсерсің тұтқын.Ішіңде жатса күдік тұқымы,Кенет бөхтан суы оған жетер –Шайтаның көтеріп жеңіс туын,Күдігің ағаш болып өсіп кетер.Көздерің соқыр болар, құлағың керең,Ішіңді толтырар түтінді ауа.Сенімің жанына төндіріп қатер,Күдігің сені Хақтан етер жұрдай.Акром МАЛИК

Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.