Тіл

Даналық

Әлем өз жолымен жүруі үшін

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Әлем өз жолымен жүруі үшінӘр тозаң орнында тұруы керек.Адамның бақыты да бүтін болу үшінҚұлақ естіп, көз көруі керек.Яғни құлақ көріп, көз тыңдаймын десе,Қол «аяқпын» деп бүлік шығарса,Аяқтар бас болып, басыңа келсе,Бастар аяқ болса, қорлық қандай!..Сондай сұмдық бұл – бұзылған ақыл,Илаһи үкімге жеткен өзгеріс!Сондықтан ежелден қалған нақыл:«Өз шегіңді біл, өз шегіңде жүр!»Егер ақыл өз ісін атқармаса жөндеп,Демек, бағынбаса ақылға тән,Тәннің істері бұзылар қатты,Енді шынжыр болар лайық шекара.Егер бағынбаса патшасына ел,Егер әлсіз қалса құлдардан патша,Елдің де, шаһтың да соңы осы, біл,Ешкім құтқара алмас, әй, хабардарлар!Егер әйел ит сияқты абаласа,Аяқасты қалса ердің құрметі,Демек, орындалды шайтан мақсаты,Демек, шарапқа толды ібілістің жамы.Үйдің әміршісі – ер, күмәнсіз,Үйдің қожайыны – үйдің ақылы.Әйел өз шаһына келтірсе күмән,Демек, ақыл ісіне келуде зиян.Бәрі өз орнында, жайында қалсын,Босағалық босағада, төрелер төрде.Әлемнен илаһи тәртіп жойылса,Бәрі бітіп тынар, құлар көрге.Жарамсыз істерді қылмасын халық,Ұрпақтар пәк болсын, өніп-өссін.Бағбан бағы аман қалуы үшінБүлікші бұтақтарды кессін, бұтасын.Акром МАЛИК

3 140рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.