Иман
«Қанша өмірің бар?» деп өзіме сауал қойдым,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
«Қанша өмірің бар?» деп өзіме сауал қойдым,Бір болжам айтуды ақылыма мүмкін емес білдім.«Оян» деп тәнімді түрттім, шіркін, көз ашса,Жүрегім «Хақ дос, Һу» деп әр сәтте сөз ашса!..Қашан қарасам халіме, таптым ғапылет құдығында,Оянғандай селт етіп, дірілдеп қалар кейде…Жалаңаяқ, жалаңтөс тікенекті жерден жүріп келемін,Сансыз тікенді өкшемнен теріп келемін.Аман-есен өтуді машақат деп ойладым,Жүректе кек тұқымын сақтауды ауыр білдім.Әй, бізді қате ұғып, қате түсінген жандар,Қам жесек, не қуанған, не күйінген жандар!Біліп пе, білмей ме, жеткіздіңіз азарлар,Қуаныш өлігін жеді қайғы деген мазарлар.Сізден өткен не болса, мейлі кешірім сұраңыз, мейлі сұрамаңыз,Бірақ мен жегенім жетер, сіздер әсте қам жемеңіз.Барлығыңызға ақымды халал еттім, ас болсын,Ғайбат пен қасіретіңіз қолдан кеткен тас болсын.Үмітім бар: біреулер, яғни мен ренжіткендер,Ащы сөзім, қатем көңілін суытқандарМаған да садақа етсе кешірім мен мейірімін,Құдайымнан сұрасақ, бізге рахметін!..Құдайымның бұл халден кәрам теңізі тасыса,Мағфират толқындары жеті қат көктен асса!Бізге де бір тозаңы тиіп кетсе, не ғажап,Осындай үмітте жүрекке не керек азап қадап?!Әлсіз, дәрменсізбіз, науқас, мүгедекпіз,Бір ауру келсе кенет, шипаға алаңдаймыз.Өзіміздей пендеге өкпе сақтау не?Раббымның мейірімі бәрінен де кең!Құдайым, жүрегімізді жәннатыңдай кең ет,Бізді тәубешіл жандар қатарында тең ет.Біз болдық жанымызға зұлым, жапакер,Өзің рахмет тамшысын біз құлдарға лайық көр!Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.