Махаббат
Мас бол! Ғашықтық пен махаббат шарабынан сармас бол,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Мас бол! Ғашықтық пен махаббат шарабынан сармас бол,Қорықпа өлімнің сұмдыққа толы көзінен еш.Шейіт ернінен шыққан отты соңғы дем бол,Қайғы дарияларынан шаттанып өт, бақытты өт!Әй, отты махаббат! Әй, ғашықтық жалыны,Әй, жүрегі мұздаған тәндерге бөтен!Әй, жеті мың тамыры аспандарға араласқан,Жеті қат жер мен көкке сыймаған, әй, сарсаң!Әй, рухсыз тәндер арасында қалған айқай рухы,Әй, қарқыны көздерді соқыр еткен Арш пырағы!Әй, Пайғамбар шабытының малакути айбыны,Әй, азалда Ләухул-махфуз үстінде тапқан тәрбие!Қай көз лайық екен, сен жарқырап көрінсең,Қай жүрек лайық екен, күйіп-өртенсең егер?!Жүзіктей ғаламда бәлелерге мұбтала,Етсең, фәна шөліне қарай етерсің сапар!Көз жұм! Сатқындардың жүздеріне қарама,Құлақ түрме жасанды аһ пен уһқа әсте!Шайтан малайларына ұнама, мәңгі ұнама,Ібіліс дастарқанынан мәңгілікке ет ар!Төмендердің шеңгелінде қалма, көтеріл Хаққа қарай,Надандарға ашылу – ысырап, сырлар ысырап.Күдікшіл соқыр жүректің сенімнен жоқ хабары –Ғашықтық іздеген – Симұрық, мекені Қаф тауы.Мас бол! Ғашықтық пен махаббат шарабынан сармас бол,Ақыл мен кектен рақат іздер ақылдылардан кет алыс.Болсаң, тек ақиқатшыл бол, ғашық бол, ғашықтыққа берілген бол,Қара, жарқырап тұр Арш шамшырағында шырақ.Алғашқы қадамың түскен жер біреуге шың болар,Кезген аспандарыңнан неге сөз айтасың, әй?Сені іздеп келгеннің көзіне бостық толар,Сен болсаң жоқтықтасың, не сынық сырнайдасың, әй!Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.