Отан
Дүниені қайтадан құрған ұлы халық!
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Дүниені қайтадан құрған ұлы халық!Хақты сүйіп, Хаққа мәңгі сүйікті халық!Кейде зұлымдық пен түнектен бауыры күйік халық!Еркің мен бақытың бүгін қолыңда, білгін,Ықбал мен болашақ жолыңда, білгін!Сен – кенсің, ішіңде таусылмас гауһар,Сен – таңсың, күнді туған пәк сәһар,Сен – азансың, еске салған Хақты әр сапар,Құдірет пен жігердің туы сенде,Ерлік пен адалдықтың шамшырағы сенде.Жаһанды нұрлантқан ақыл-данышың,Тек ізгілік қана – мәңгі қалауың,Тағдырыңнан жоқ әсте налуың,Толық иман сенде, наным сенде,Хақ сөзге құрмет, сенім сенде.Тамырларың пәк-ті, тегің пәк-ті,Әулиелер өскен ұрпағың пәк-ті,Болмысың пәкиза, салтың пәк-ті,Харам мен арамнан бас тарттың мүлдем,Шайтан мен ібілістен бас тарттың мүлдем.Кейде сатқындар – қаны бұзықтар,Тіршілігі, үй-күйі бұзықтар,Әр өткен сәті, әр шағы бұзықтарАртыңнан қанжар да салғаны болды,Тұз жеп, тұзға түкіргені де болды.Бірақ өлсең де Сен, тік тұрып өлдің,Дұшпанға оқ атып, қылыш сермеп өлдің,Ерлік не екенін ұқтырып өлдің,Шын мәнінде, бұл өлім емес, тірілу еді,Мәңгі абыройларға оралу еді.Хорезми өзіңсің, Фараби өзің,Жалаладдин өзің, Тараби өзің,Аспани өзіңсің, топырақи өзің,Ибн Сина өзің, сенсің Ферғани,Бұхари өзіңсің, сен – Марғилани!Шаши өзің ғой сен, Насафи сенсің,Термези – әулиелер демі сенсің!Нұхтың сүйгенісің – Яфасы сенсің,Өзің Самарқанди, сен – Матуриди,Жаһри дәруіштердің ғашқы, әуені!Жаһан қожасы сенде ғой, сенде,Жеті пір – әрбірі бір көкке тең де!Жеті қат аспан жатқандай бауырыңда,Бахауаддин өзің, Нақшбанд өзің,Алауаддин өзің – жұмақ әр ізің.Темірді тербеткен бесік сенікі,Әліні Шер қылған есік сенікі,Шың да, дария да, өткел де сенікі,Бабыр өзің ғой сен – Үндіге нұр берген,Әли Құсшы өзің – көктен інжу терген.Шаһрух Мырза өзің, Ұлықбек өзің,Өзің шаһ, өзің хан, ұлы бек өзің,Тарихқа мәңгілік қолтаңбаңды қой, өзің,Шайбани да сенсің, Убайдулла хан,Абдулла хансың, Имамқұлы хан!Шынында Каспийге дейін дәурен сүрген ол,Қыпшақтан Үндіге дейін үкімі жүрген ол,Ұлы Бұхара – мемлекет құрған ол,Хазірет Субханқұлы – ұлы шаһсың,Жеті көк пен жерден сен хабардарсың.Машраб өзің ғой сен, Хувайда өзің,Сопы Аллаярсың – кәрамат – сөзің.Басып төрт жардың мүбәрак ізін –Шаһмұрад сен ғой – әулие патша,Тағы аршта болған зікірулла иесі.Дұшпан басын кескен Насрулла сенсің,Бұл шақтағы батылдықта Темірге теңсің!Кейде жауды жеңімпаз боп жеңсең,Кейде жеңілген жеңімпазсың өзің,Абыройлы өлімге талапкерсің өзің!Басмашы атанған қаһарлы рухсың,Ерлерге әрқашан медеткер рухсың.Ешқашан сөнбеген таза салтанатсың,Әмір Әлімханым, Исфандиярым,Сатқындар қолында қалған диярым!..Қызыл ібіліс сені жеңе алмады – рас,Иманыңды әсте ие алмады – рас,Басыңды тік ұстадың – ата-бабаңа тән,Тәуелсіздік қолыңа қайтты, ақыры,Ақиқат өз сөзін айтты, ақыры.Мемлекетке әрқашан адал болған халық!Дағуатқа әрқашан адал болған халық!Жүрегі адалдыққа лық толған халық!Берік тұр, өзіңді ұмытпа әсте,Жаудан рақым-шапағат ешқашан күтпе!Мемлекетің – баянды, тірегі мықты,Оқтары нысанада, садағы мықты!Әр тақ берік, орны мықты,Сатқындар сөзіне алданба мүлдем,Мемлекет саясында бол тұрақты!Адал ұлан елге, жұртқа бас болса,Түнің – айлы, күндізің шуақты болса,Жүректе – Хақ, тілде – Хақ, көзде жас болса,Бұл ұлы бақты сезінуің шарт,Қайта көрмес үшін құлдық деген дерт!Жүрегіңе Құдайым беріп тұрсын нұр,Сені тастамасын нұр шашқан сана!Хақ күндей жарқырап тұрғанда мәңгі,Дүрбелең заманда қалғайсың аман,Тіпті даңқыңмен нұрланғай жаһан!Дүниені қайтадан құрған ұлы халық!Хақты сүйіп, Хаққа мәңгі сүйікті халық!Зұлымдық пен түнектен бауыры күйік халық!Басың биік болсын, бойың тік болсын!Парасатың ояу, жүрегің тірі болсын!Құдай сені етсін мәңгі саламат,Тек пасықтар ғана етсін мәләмет.Әр ісің пәктікке етсін дәлелат,Аман бол әрқашан, ұлы, әй, өлке!Саған дүние етсін тағзым, әй, өлке!Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.