Тіл

Даналық

Жер үстінде желдің, жүгірдің шексіз,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Жер үстінде желдің, жүгірдің шексіз,Төрт тарабың құбыла — жол көрінбейді.Көзіңді тек перделер жапқан еді,Саған созылған қол көрінбейді.Көздерің соқыр, ақыры, құладың кенет —Сарт етіп жабылды зынданның қақпасы.Құшағына алған соң сені құпия құдық,Тынды бұл әлемнің ғажап шу-дабысы.Көздерің үйренген соң қараңғылыққа,Бір есік көрсетті зынданның түбі.Есік те ашылған соң, не деген бақ, бұл —Сен жолға аттандың топырақты сүйіп.Өмір деген сондай ғажап, сондай таңсық —Саған күтпеген сыйлар ұсынар.Біреу жер үстінде тайғанап жүргенде,Біреу жер астынан жолдар ашар.Акром МАЛИК

3 010рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.