Тіл

Иман

Бүлік салсын жаулар, мейлі,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Бүлік салсын жаулар, мейлі,Артымыздан таратсын жала.Кім болса да, жалғанға, мейлі,Өтірікке сөзсіз алданар.Еріңдер, жаланың артынан,Ей, көзі соқыр, ей, надандар!Ғайбаттарға жүгіріп жабылуСендер үшін — қарапайым хал.Ісіңде не қайыр-сахауат,Сөзіңде не ілім-ирфан.Өзгелерге таңып сорлылық,Шектен тыс бейғамсыз сондай.Тек дүние деп жүгіріп,Тағы ғайбат — сәл қалсаң бос.Әр адамды қауып, құтырып,Одан басқа өнерің жоқ.Сен оларға қарама, сүйгенім,Жүрегіңе алма оларды.Осындай түрлі ауруды жеңіп,Сүйіп өмір сүр түн мен күндерді.Адамдарды зинақор, азғын деп,Айыптауға құмар болса біреу!Тіпті мұндай сөз айтпаса да,Жүрсе үнемі осындай жаман оймен,Мұндай халден сақтасын Құдай!Бір ақиқат бар, құлақ сал:Осындай мінезге кім душар —Өзі болар бұзық әрі арам.Мен пәкпін, мен бұдан алыспынДеп айқайлама, ей, әтеш-бозбала!Өзің білмей қаласың, Уаллаһи,Осындай орға түскенде кенеттен!Истиғфар айт, тәубе ет,Көз жасыңа күнде шомыл.Бір күні басқаша сайрап,Бәлелерге қалма көміліп!..Бізді кешір, Кәрім Құдай,Мейірім етпесең, халіміз харап!..Біз бейшара, біз көңілі жарым,Тақуалықпен бүтін ет, я Раб!Акром МАЛИК

2 580рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.