Иман
Кейде ғапыл болдым, кейде есім жар,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Кейде ғапыл болдым, кейде есім жар,Кейде адал болса, кейде сұм жар.Саған мойын ұсыну, Саған иілу —Осы менің өмірдегі жалғыз ісім, Жар.Жарым — Өзіңсің, мейірімді Раббым!Барым — Өзіңсің, мейірімді Раббым!Сенің есігіңде жүрген итіңмін,Рахметіңе шөліркеген мен зарлы, Раббым!Кейде нәпсіге ауып, жолымнан аздым,Кейде біле тұра тікенді бастым!..Ешқашан ешкімге ор қазбадым,Егер қазсам, тек өзіме қаздым.Азар тілемедім бірде-бір жанға еш,Не ағаш, не адам, не хайуанға — еш!Егер қате етсем, қатем, иә Рабб,Махаббат себепті болды, Өзің кеш!..Жанымда нәпсімнің сан алуан соғысы,Сөзімде ауырудың сан алуан түсі.Жүрегім қарайған күнәларымнан,Бірақ онда болмаған қызғаныш таты.Кейде ыстық келсе, желпіндім, Раббым,Кейде суық келсе, тыпырладым, Раббым.Қай күйде, қай жерде болса да текСенің достарыңа ұмтылдым, Раббым.Саған құл болу — жалғыз мақсатым,Осы қиял, осы оймен ер жеттім, өстім.Берген тағдырыңа разымын мүлдем,Басқаның дастарханына созылмас қолым.Біле-білмей сүйдім пенде затын,Ақыры, бұл махаббат шығарды зарымды.Опасыз, жапакер надандар ішіндеТіпті ұмытқан едім тегім мен атымды.Олардың азары кетпеді әлі,Ащы жаралары бітпеді әлі.Бәлкім, ем шығар барлық күйзеліс,Демек, дертім кетпеді әлі.Ол шақтарда жүрегім ыстық шоқ еді,Достар мен жарлардан көңіл тоқ еді.Кеудеме қанжарлар сұққанда, білдім —Сүйгенімнен басқа айыбым жоқ еді.Сенің әмірің — берік, тыйымың — тұрақты,Оған міндетті ғашық та, абид те.Сау-саламаттардың мойнында шынжыр,Тек жындылардың мойнынан түскен.Сенсіз өзімді қалай күнәдан сақтайын?!Топыраққа көмілдім ғой, ақыры, тірідей...Құлдардың көзі соқыр, бәрі надан,Сенен басқа кімге өзімді ақтайын?Әр кімге тәубеден, иә Рабб, бер нығмет,Жоқ қой мағфирет пен рахметіңде шек.Ізетіңе көзде жаспен бет бұрып,Бұл құлың халінен етер шағым.Тағатың жолында сақта деп мәңгі,Сенен сұрағаным — Саған махаббат...Басымнан аяғыма дейін қара болсам да,Жәбірлі құлдың дұғасын қабыл ет!..Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.