Тіл

Оқуға, жазуға, ойлауға және ақиқатты табуға ұмтылатын әр жастың белгілі бір дәрежеде дарыны бар. Мысалы,…

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Оқуға, жазуға, ойлауға және ақиқатты табуға ұмтылатын әр жастың белгілі бір дәрежеде дарыны бар. Мысалы,… — фото

Оқуға, жазуға, ойлауға және ақиқатты табуға ұмтылатын әр жастың белгілі бір дәрежеде дарыны бар. Мысалы, оқып, меңгере алады; тапсырмаларды жақсы орындайды; дәлелдерді жақсы талдап, шешім бере алады; ойын ашық-айқын баян ете алады; пайдалы жаңалықтар таба алады және тағы басқа. Бірақ бұл дарындар жеткілікті жеміс бермейді. Көктемде ағаштар жайқала гүлдейді, сол гүлдердің әрқайсысы жеміске айналады – жастардың дарыны гүл сияқты, олар жеміс беруі керек; ағаштардың гүлдері жеміс бермеуінің себептерінің бірі – кенеттен қар жауып, суық түсуі; бұл факторлар гүлдерді төгіп, жеміс беру мүмкіндігінен айырады. Жастардың да дарындары неге жеміс бермейтіні туралы, дәлірек айтқанда, қандай себептермен оларды үсік шалатыны туралы сөйлесеміз. Кез келген дарын тәрбиеге мұқтаж. Тәрбиесіз жетістіктер мүмкін емес. Тәрбие беруші – мұраббы деп аталады. Әр жасқа мұраббы керек. Жастар сабырсыз. Зейіні мен назарын жинақтауда қиналады. Көпті көрген, адал әрі таза мұраббы ілім алуға қатысты тапсырма берсе, оны асықпай, сабырмен орындау керек. Әйтпесе, уақыт өтеді, ілім арқылы азық алмаған адам ұтылады. Жастардың көбі танымал болуға құмар. Адамдар мені танып, құрметтесе деп армандайды. Сол себепті көптеген балапан әтештер әлеуметтік желі арқылы атақ-даңққа жетуге тырысады. Көрілімдер санына қарап, қанағат табады. Бұл – кемелдік жолындағы ең үлкен кесел. Өйткені жүрекке кірген атақ-даңқ ләззаты жүректегі шынайылық пен тазалықты кетіреді. Көзге шел болып түседі. Ғапылет шынжырына байлайды. Риякерлік пен екіжүзділікке бастайды. Шынайылықтан айырады. Мақтаншақтыққа душар етеді. Айтарға сөз таусылғанда, өз өмірің туралы ұялмай айта бастайсың: жалғыз қалдым, әлеуметтік желі оразасын ұстадым және тағы басқа. Адам өз сырын айта берсе, қаңырап бос қалады әрі өзін күшсіз, әлсіз сезінеді. Жастар танымал адамдармен танысуға, олармен жақын болуға да тырысады. Бұл да ауру. Таныстарының абыройымен өзін өте маңызды әрі ақылды етіп көрсету ниеті әрі ең үлкен масқаралық – осы. Адамның өмірде ұстазы бір адам болады. Сол ұстаздың кеңесімен басқа ұстаздарға барылады. Әркімді ұстаз деп етегінен ұстау мүмкін емес. Ұстаз дегеннің өзі де шектен шықпаған, тым тереңге кетпеген, таязға отырып қалмаған, керісінше, ортаны – өлшемді ұстанған жан болсын. Сонымен, сабырлы, ынталы, атақ-даңққа душар болмаған, кішіпейіл әрі сыпайы жастардың болашағынан үміт бар. Ең бастысы, танымал болуға деген құмарлық отын сөндіре алсақ, жетіп жатыр.

Акром МАЛИК

1 690рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    Сегізінші тарау

    ҚАЙЫН ЖҰРТ Алтыншы бөлім Қайын апа, қайынсіңлі, абысындар және құдалар Келіннің мәселесі тек ене немесе қайын ата, күйеуімен бітпейді: бұл жақта қайын апа, қайынсіңлі деген…

    5 мин

    Талдау

    Осы хикаятты оқып, бірнеше жағдайды ұғынуға болады. Ең алдымен адамдардың өзгермегенін білуге болады. Яғни хикаятта бір қатал ұстаз бар және мұны автор өте жаман сипаттармен…

    1 мин

    Тез нәтиже болмайды. Біреудің ризығы кең болып, жас кезінде байып кетуі мүмкін. Бірақ бұл ғұмыр бойы дәл…

    Бір бала 9 ай мен 9 күнде туылады. Бір жігіт 20 жасында тәндік, ақыл жағынан өмірге дайын болады. Адам 40 жасында кемелдікке жетеді. Жемістердің пісуі үшін де уақыт керек. Не тез…

    1 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.