Тіл

Талдау

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Осы хикаятты оқып, бірнеше жағдайды ұғынуға болады. Ең алдымен адамдардың өзгермегенін білуге болады. Яғни хикаятта бір қатал ұстаз бар және мұны автор өте жаман сипаттармен бейнелейді әрі оны сынайды. Бірақ оның айбыны хикаятта басты тақырыптардың бірі болып тұр. Қазіргі заманда да осы шындықты көруімізге болады. Бұл хикаяттағы басты назар балалардың тәлімі мен тәрбиесіне аударылған. Яғни хикаят негізінен осы тақырыптың төңірегінде біріккен деуімізге де болады. Өйткені дәл осы хикаят «Гүлстани түркі» шығармасының жетінші тарауы — тәрбиенің ықпалы туралы бөлімде келген. Тағы бір дәлел — хикаятта келген екі өлең. Бұдан білуге болады, ата-бабаларымыз балалардың тәлімі мен тәрбиесіне қатты назар аударған. Тағы бір басты назар аударатын жеріміз — қазіргі күні білім беру жүйеміз бойынша мектептерде ең көп талқылаулар мен дау-дамайларға себеп болып жатқан шындық — оқушыларда ұстаздың айбыны болмай, мұғалімдермен жағаласып, олармен төбелесуге дейін баруы. Хикаяттан білуге болады, ұстаздың айбыны болғанда, оқушылар амалсыздан болса да оқиды. Ұстаздың айбыны кетті, ілім алу да тоқтады. Ұстаздың айбыны болатын болса, оқушы ұстазына қол көтеру былай тұрсын, тіке де қарай алмайды. Және дәл осы ата-бабаларымыз қалдырған тәрбие саналады. Хикаятта автор қатал ұстаздың орнына жұмсақ әрі көңілі ашық ұстаз келгенде, балалардың ілім оқымай қойған жерін нәзік бейнелейді. Яғни салиқалы ұстаздың өзін жұмсақ, көңілі сау деп жақсы сипаттармен мақтайды. Себебі, егер мақталмаса, салиқалылыққа қатысты жаман сезім пайда болуы мүмкін. Өйткені салиқалы ұстаз келіп, балалардың тәлімі жаман жаққа өзгерді. Тағы бір біле алатынымыз — қазір кейбіреулер айтып жүргендей, мұсылмандар қыздарын оқытпайды деген даулардың жалған екенін көре аламыз. Хикаятта ұл балалармен бірге қыз балалар да зікір етіледі.

Сұлтан НИЗАМИДДИН

1 600рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    Тез нәтиже болмайды. Біреудің ризығы кең болып, жас кезінде байып кетуі мүмкін. Бірақ бұл ғұмыр бойы дәл…

    Бір бала 9 ай мен 9 күнде туылады. Бір жігіт 20 жасында тәндік, ақыл жағынан өмірге дайын болады. Адам 40 жасында кемелдікке жетеді. Жемістердің пісуі үшін де уақыт керек. Не тез…

    1 мин

    Пайдалы істер адамды шаршатпайды. Адамды пайдасыз әрі зиянды істер титықтатады. Адам баласы өміріне көз…

    Мейлі ойын-күлкі болсын, мейлі басқа іс – адамда азғана инсап болса, оның не дүние, не ақырет үшін пайдалы іс істемегенін сезсе, қысылады, қайғыға батады. Қайғырмаса, демек, ол…

    2 мин

    Сегізінші тарау

    ҚАЙЫН ЖҰРТ Бесінші бөлім Күйеу бала және оның қайын жұрты Құрметті оқырман байқаған болар, біз отбасындағы әрбір жағдайды егжей-тегжейлі түсіндіруге және өзгермейтін ережелерді…

    4 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.