Тіл

Тұрақты және тұрақсыз

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Тұрақты және тұрақсыз — фото

Бір сұрақ ортаға шығып қалды: тұрақсыз адамның қасиеттері қандай болады? Тәжірибеден шыға отырып айтылды: тұрақсыз адам жағдайды толық ескермей шешім қабылдайды. Содан кейін тез сол шешімнен бас тартады, жаңа тоқтамға келеді, бірақ оны да толық жүзеге асыра алмайды.

Тұрақсыз адам асығыс болады және кез келген жағдайда бірінші болып пікір білдіреді. Пікірім дұрыс болсын деп емес, тынымсыз сөйлеп тұруым керек деп ойлайды.

Қорытындылары мен көзқарастары нақты негіздерге сүйенбегендіктен, басқалардан өз пікіріне қарсы пікір естісе, тез өзгереді, ең қызығы, бұл жерде де оған айтылып жатқан пікірлердің негізді екеніне қызықпайды, керісінше, эмоциялы үнмен, қатты дауыспен, қоқан-лоқымен немесе мақтаумен оған бір пікір айтылса, жеткілікті – сол жаққа өтіп кетеді.

Негізді, құжатты әрі дұрыс пікір айтылса да, қай бір уақытта қорқыныш не толқу басым түссе, бұрынғы шешімі мен уәдесінің шегінен садақтан шыққан оқтай шығып кетеді де, бұрын айтқанына қарама-қарсы іс те істей береді.

Бастаған ісін ешқашан соңына жеткізбейді, қызығы, кез келген жақсы іске үлкен қызығушылық танытады, рахаттанады, жақтас болады, жең түріп кіріседі, бірақ өте тез көңілі қалады да, сол істі жартыкеш қалдырады.

Тұрақсыз адамды көңіл-күйі басқарады, ол көңіл-күйін басқара алмайды. Тұрақсыз адамнан адал дос, сырлас, ұзақ жолға баратын серік шықпайды. Тұрақсыз адамнан қашу және одан алыс тұру керек. Онымен серіктес болу мүмкін емес. Ешқашан айтылған уақытта айтылған іс болмайды. Тұрақсыздардың ең жиіркенішті ауруы – өздерін бейне бір маңызды іспен жүргендей көрсетуі.

Олар кешегі достарын бүгін ауыздарын көпіртіп жамандайды, берілген жәрдем мен көмекті ұмытады және тұрақсыздардан ешқашан үлкен іс қалмайды.

Тұрақты адам – сабырлы, асықпайтын, жеті өлшеп бір кесетін, нәтиже үшін асықпайтын, белгілеп алған мақсаты жолында күн сайын еңбек ететін, әркіммен сөйлесе бермейтін, әркімнің сөзіне қарап шешім қабылдамайтын, оп-оңай шешімдерін өзгертпейтін, бір істі бітірмей тұрып, екіншісіне өтпейтін, қорқыныш не толқу, шаршау не ауру себепті міндетін ұмытпайтын, бір межеге жету жолында құласа, қайта орнынан тұратын, тағы құласа, тағы әрекет ететін, мақсатынан бас тартпайтын, дос таңдауға асықпайтын, дос таңдаған соң, оның үлкен-кіші кемшіліктеріне сабыр ететін, сол кемшіліктер түзелуі үшін күресетін, қысқасы, ізінен қайтпайтын арыстан, сөзінен қайтпайтын жігіт.

Адам тұрақсыз болса, мұны жеңе алмаса, бір тұрақты адамға ілесуі керек. Тұрақтылар тұрақсыздарға үлгі бола алады. Ауруын емдейді.

Акром МАЛИК

2 920рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    ОН АЛТЫНШЫ ТАРАУ

    АЖЫРАСУ Бұл тарауда қалам тербеу оңай болмады. Себебі мәселе өте нәзік. Рисаланы жазудан мақсатымыз – ажырасулардың алдын алу және отбасы беріктігіне қол жеткізу. Сол себепті…

    6 мин

    Әр күні таңертең бір мәтін жариялап тұрушы едік, бірақ кейбір істерге уақыт бөлу қажеттілігінен бұл…

    Өлім келмей тұрып өліңіздер дейді. Бұл – өлім келмей тұрып өлімге дайын тұрыңыз: жақсы амалдарды көбейтіңіз, жаман істерді тоқтатыңыз деген сөз. Ирфани мағынасы: Хақ тағаланың…

    2 мин

    Күнәкарға хат

    Кел, жанашыр. Сенімен бір мұңдасайық. Қымбаттым, мен періште емеспін. Періште болуға дәмем де жоқ. Қап-қара топырақтан жаратылған адамның ұрпағымын. Оның үстіне, тегім қандай…

    4 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.