Әр күні таңертең бір мәтін жариялап тұрушы едік, бірақ кейбір істерге уақыт бөлу қажеттілігінен бұл…
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Әр күні таңертең бір мәтін жариялап тұрушы едік, бірақ кейбір істерге уақыт бөлу қажеттілігінен бұл мәтіндерге жұмсалатын минуттарды үнемдеуге тырыстық, алайда бүгін бір ой келіп қалды да, Алладан көмек сұрап жазуға кірістік. Өлім келмей тұрып өліңіздер дейді. Бұл – өлім келмей тұрып өлімге дайын тұрыңыз: жақсы амалдарды көбейтіңіз, жаман істерді тоқтатыңыз деген сөз. Ирфани мағынасы: Хақ тағаланың жолына шықтың ба, бұл жолда келетін азаптарды өлік сияқты қабылда, дат-уай деме дегені. Өлген адамды көмеді. Қабірге орналастырып, дос та, дұшпан да топырақ салып қайтады. Ең сүйікті адам да қабірге сенімен бірге көміле алмайды. Өлген адам да өзін осылай сезінуі керек екен: перзенттері, дос-жарандары үнсіз, бәлкім, айырылыстан ешқандай азап шекпей кетіп бара жатқанын біліп, өлік көрден бас көтеріп, кетпеңіздер дей ала ма? Әлде біреудің етегінен ұстай ала ма? Әрине, жоқ. Өлімнен бұрын өлсең, қабірге кіруден бұрын кірсең, сені кім тастап кетсе де, осындай боласың. Болды. Тәмам. Күйінбе. Кеткен адам сені қабірге қойды. Енді артқа қайтпайды. Қабірді ешқашан ашып, сені тірілтіп аламын деп ойламайды. Өлік оны көмгендерді сөкпегені сияқты, кеткендерді сен де сөкпе. Тірілерді өз күйіне қалдыр. Сен өз есебіңді күт... Кеткендерге риза бол. Өмірді көрдің ғой, қаншалықты азапты, ешкімге бұл азаптарды қимашы. Білдің ғой, күнәкарлар өте көп, кеткендердің күнәкар емес, сауапты болуын тіле. Білдің ғой, әлем ғапылдарға толып-тасыған, кеткендердің сергек болуын қала. Білдің ғой, дүниеде шайтанның достары шексіз көп, кеткендерге Алланың достығы нәсіп етсін! Сендегі күнә себепті олар кеткен болса, қуан, қандай пәк адамдар екен олар! Сенің ойыңша, олар қателесіп жатқан болса, онда күйіну не үшін?! Жалғыз кінәлары – сені тастап кеткендері ме? Бұл кінәлары үшін оларды қай сотқа тартпақсың? Астағфируллаһ! Олар ашық жүзбен кетпесе де, сен ашық жүзбен қал. Олар тәтті сөзбен тастап кетпеген болса, сен тәтті сөз айт. Дүние мұндай араздықтардың орны емес және өмір мұндай қайғыларға шашу үшін берілмеген. Әй, қымбаттыларым! Көңілдеріңіз кең, көңіл-күйлеріңіз тыныш, жақсылықтар дос, бақыттарыңыз кем-кетіксіз болсын! Сіз ең дұрыс таңдау жасадыңыз. Ең дұрыс іс істедіңіз. Сіз жақсысына лайықсыз. Аллаға аманат болыңыздар!
Акром МАЛИК




Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.