Тіл

ЖИЫРМАСЫНШЫ ТАРАУ

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

ЖИЫРМАСЫНШЫ ТАРАУ — фото

ЖИЫРМАСЫНШЫ ТАРАУ

ОТБАСЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛЕР

Мереке – өмірдің ажырамас бөлігі. Құдайдың Өзі адамдар қуанышқа бөленуі үшін белгілі бір күндерді бөліп берген. Бұл күндерде тән мүлде азап шекпеуі үшін ораза ұстауға да тыйым салынған. Яғни біз айт мерекелері туралы айтып отырмыз. Мерекелерді жақсы атап өту керек.

Мерекенің мәні – қуану, қуаныш сыйлау. Қуаныштың ең үлкені – дидар. Мерекеде отбасы мүшелері әлемнің қай жерінде болса да, қандай маңызды істері болса да, ата-ананың құзырында болғаны абзал.

Мерекеде бәрінің бір-біріне қандай да бір деңгейде сыйлық дайындауы – көркем амал.

Әрине, сыйлықтардың ең жақсысын ата-анаға, содан кейін балаларға жасау керек. Сондай-ақ ұстаздарды да мерекеде міндетті түрде еске алу шарт. Бұл күні өкпелер ұмытылады, көңіл түсірілмейді, бәрі бір-біріне күле қарайды, әдемі етіп дастарқан жайылады.

Бұл күні қуанышқа бөленуді, шат-шадыман жүруді, жазаларды тоқтатуды әркім өзіне міндет етіп алуы керек. Мереке күні ешкімнің бір-бірін ренжітуі, бір-біріне жаман сөз айтуы былай тұрсын, бір-біріне ала көзбен қарауына да тыйым салынады. Мұны үлкен күнә деп білу керек.

Сонда барлық жерді мерекелік көңіл-күй басады. Жүректерден өмірдің уайымдары кетеді. Мейір мен махаббат, жақсылық пен ізгілік адамдарды біріктіреді.

Мереке көрмеген адам өмір бойы бақытсыз өмір сүреді. Балалар мереке көруі шарт, тіпті соғыс жүріп жатқан кездерде де адамдар мереке тойлай алуы тиіс.

Кейбір жағдайларда өлім мереке күніне тура келсе, қаза мен азадан кейін, қалып кеткен мерекені біраз уақыт өткізіп атап өткен дұрыс.

Мереке күні аналар балаларын ұрмайды, әкелер жазаламайды, бәрі тек жақсы сөзбен бір-біріне алғыс айтады. Дұғалар жасалады. Күлкілер сыйланады.

Мерекеде бәрі мерекелік болсын – бәрі жаңа киімдерін киіп сәнденсін. Мереке күні ешбір шаруамен бір жаққа баруға, мысалы, дүкенге не базарға шығуға мәжбүр болмау үшін заттар алдын ала алынып қойылады.

Сонда бәрі бір-бірінің дидарынан нәсіп алып, көңілдер мейір мен махаббатқа қанады.

Әрине, мерекені сылтау етіп ішімдік ішуге болмайды, өйткені оның салдары әрдайым жамандық әкеледі. Ысырапқа жол берілмейді, тағам обал етілмейді, шектен шығылмайды, күнә мен айып саналатын істерден бәрі аулақ тұрады.

Мереке – өмір үшін күресуді, тіршілік үшін еңбек етуді жеңілдетіп беретін бір құрал. Жүректерді бір-біріне жалғайтын және өкпелерді қуатын бір себеп.

Акром МАЛИК

2 160рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ

    ОТБАСЫНДАҒЫ ӨЛІМ ЖӘНЕ ҚАЗА Өлім әркімнің маңдайында бар. Көзді ашып-жұмғанша өмірдің соңы қасымызға келеді. Піскен жемістер қалай түссе, біз де солай түсеміз. Рахаттардың ауыруға,…

    4 мин

    ОН СЕГІЗІНШІ ТАРАУ

    ЖЕСІРЛІК ЖӘНЕ ЕКІНШІ НЕКЕ Күйеуі өлген әйел, әйелі өлген ер – екеуі де жесір деп аталады. Сондай-ақ күйеуінен ажырасқан әйел, әйелін тастаған ер де жесір. Бұл сөзге мағыналас…

    4 мин

    Алаяқтардың айласы

    Еркек кісінің алданып қалуы оның ар-намысы мен дәрежесіне лайық емес. Себебі еркек дегеніміз – ең алдымен көрегендікті, ақыл мен даналықты үйлестірген адам. Көрегендігі мен ақылы…

    3 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.