Достық ілімі
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Достық – адамгершіліктен. Көзіңе жаққан әркім дос бола бермейді. Достық не екенін білмейтін бақытсыздарға бұл жаһан лық толы. Иә, достық не екенін білмеу – бақытсыздық.
Доспын деген адам туралы мынаны біл: көмек сұрап барғаныңда мүмкіндігім жоқ десе, ол дос емес. Ол – өтірікші әрі екіжүзді. Мұны өзің үшін біліп қой және сол достың атын қайта тіліңе алма, есімін жүрегіңе кіргізбе.
Шынында, ең нәзік дос – досының жағдайын ол айтпай тұрып білетін адам.
Сатқындар мен екіжүзділермен дүние теңізінен ақырет жағалауына жете алмайсың. Ол – кемеңдегі егеуқұйрық. Бірақ абай бол: өзің де егеуқұйрық болып қалма.
Егер досың сенен көмек сұраудан ұялса және сен тұрғанда басқадан көмек сұраса, өзіңе ренжі. Қаншалықты дәрменсіз әрі әлсіз екеніңді біліп ал.
Акром МАЛИК




Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.