Г. Г. МАРКЕС. «ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ ЖАЛҒЫЗДЫҚ» романы
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Бұл роман адамзаттың бүгіні мен болашақтағы жай-күйі туралы астарлы әжуа деген қорытындыға келдім. Қалай болғанда да, өткен шақ емес екені анық. Дәл орта ғасырлардан кейін жаңа дәуір деп аталған саяси дәуірдің, мәдени-рухани кезеңнің түбегейлі ерекшеліктерінің алып тәмсілі. Дін мен ахлақтан үзілген адамзаттың трагедиясы. Шайтан мен дәжжалдың билігі астында қалған адамзаттың жарға құлауы туралы хабар. Сенімсіздіктің апаты, имансыздықтың мағынасыздығының көрінісі. Құр сезімдер мен ақылдың ешқашан жарыққа жетелемейтінін әшкерелеу. Маркес салған бейнелер ахлақсыз көрінеді, бірақ оның мақсаты ахлақсыздықты сіңдіру емес, керісінше адамдарды ахлақсыздықтан шығарып алу. Адамның сезімі мен ойындағы тұрақсыздық пен шешімсіздіктің сызбалары. Ол – шебер әдебиет өнерпазы. Ол – сөз шебері. Ол рәміздер тілінде сөйлейді. Оның сыры да осында. Шығарманың архетипі – Інжіл мен орта ғасыр христиан ақидасы. Маркес шынымен ұлы жазушы, оның өмірбаянына қатысты өте аз нәрсе білемін, неге екені, онша қызықпаймын да, ол жазған мәтін оған қатысты ең маңызды әрі дұрыс мәліметті беретініне күмәнім жоқ, ең бастысы, мақсат – Маркестің не айтатыны емес, оның Ойы мен Сөзін ұғуда. Ол не айтқысы келді? Ол неге меңзеді? Шынында, Маркесті Маркес еткен – оның ойы мен сөздері. Осы екеуінен оны айырсаңыз, миллиондаған адамның қарапайым бірі ол да. Мұсылман оқырман оны түсінуі үшін белгілі бір ілімдерге ие болуы тиіс. Қаласа, оқысын. Ауыр тисе, оқымасын. Мұсылман үшін де бұл романда иманына тірек болар қорытындылар табылатынына сенімдімін. Тек шығарманың ішіне түсіп адасып қалмау үшін ілім керек.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.