Тіл

Мектептің міндеті тек біліммен шектелуі біржақты нәтижеге алып келеді. Тәрбиені үйлестіру деген сөз де…

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Мектептің міндеті тек біліммен шектелуі біржақты нәтижеге алып келеді. Тәрбиені үйлестіру деген сөз де бұлыңғыр. Білім мен тәрбиенің мақсаты нақты түрде белгіленіп алынуы шарт.

Бала ертең үлкен адам болады.

Бала ертең үйдің, әулеттің, ақыр соңында, қоғамның иесіне айналады.

Бала өмір алаңында қалай әрекет етуді білуі керек.

Жақсы мен жаманды, ақ пен қараны, аласа мен биікті ажырата алуы керек.

Бала әлемде зұлым, айлакер, жалған, батылсыз кісілер бар екенін білуі қажет.

Бала нәпсі мен шайтаннан келетін жамандықтардан хабардар болуы шарт.

Бала көңіл ауыртпауды, адалдықты, тәфәккур мен тәдәббурды, батылдық пен қорықпауды үйренуі керек.

Баланың қолына өмірдің картасы берілуі, оны қалай пайдалану үйретілуі керек.

Баланың жарты күні мектепте өтеді.

Баланың бүкіл ғаламдағы алтыннан қымбат уақыты мектепте өтеді.

Бірақ ол мектепті бітіргенде өмір туралы ешнәрсе білмейтін бойы ұзын, дауысы жуандаған бір сана ретінде көрінеді.

Ең қызығы, ол мектепті бітіргенде мәмілегерлік, хикмет, салмақтылық, жауапкершілік, істердің салдары туралы ойлай алмауы оның өнерсіз әрі жалқау, бетпақ әрі ойынқұмар екенімен пропорционал келеді.

Тағы ол едәуір өтірікші, едәуір айлакер де.

Мектеп тек білім берсе, тіпті тәрбие берсе де, мақсат орындалмайды.

Мектеп АДАМ тәрбиелеп берсін.

Әріптерді, сандарды немесе формулаларды, оқиғаларды немесе жылдарды жаттаған вундеркинд емес, керісінше АДАМ өсірсін.

Бұл адам өмірде өмір сүру не екені туралы, ең болмағанда, алғашқы мәліметтердің иесі болсын.

Қолында 3–4 өнер болсын.

18 жас – бұл балалық емес, қалай болғанда да.

Әйтпесе мектептер өз міндетін атқара алмайтын, жай ғана бала ғұмырын ысырап ететін, оның 12 жылын тұтқында ұстап тұратын орын болып қала береді.

5 300рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    Шетелде оқу жоғары мақсат ретінде көрілмеуі керек. Мақсат оқу емес, білім алу. Білім алу емес, қандай білімді…

    Қандай да бір бай мемлекет мені тегін грант есебінен оқытады деп жүректің алып-ұшуы ішкі бір сезімдік және ақыл-ойлық бостықтан белгі. Қалыптаспағандықтың белгісі. Бақытты бөтен…

    1 мин

    Адамдарды өз жолыңызбен жүргізуге тырыспаңыз, тіпті ол сүйген адамыңыз болса да!

    Пайғамбарымыз саллаллаһу алейһи уә сәлләм өзінің сүйікті ағасы Әбу Талибті һидаятқа келтіре алмады, бұл ақиқат бәріне аян болып қалсын деп! Ешкімді ешбір іске мәжбүрлеме. Тозаққа…

    1 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.