Тіл

Кетсең, ризалық алып кет. Кімнен қарыздар болсаң, міндетті түрде оны риза қыл. Қарыздарлық деп көбіне рухани…

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Кетсең, ризалық алып кет. Кімнен қарыздар болсаң, міндетті түрде оны риза қыл. Қарыздарлық деп көбіне рухани қарыз меңзеліп отыр.

Саған білім берген, өнер үйреткен, ауыр күніңде бауырына басқан, жақсылық жасаған, қандай түрде және қанша мөлшерде болмасын, саған көмек қолын созған адам сенен артық.

Заңдылық осы.

Сен оған қарыздарсың.

Сондай қарыздар бар, ғаламды сатып, ақшасын берсең де, өтелмейді. Өйткені оның ақысы көңілдің ішінде. Жүректе.

«Менен риза болыңыз, берген нан-тұзыңызға риза болыңыз. Біліміңіз үшін, мейір-махаббатыңыз үшін риза болыңыз. Біз лайық бола алмадық, алдыңыздағы қарызымды ешқашан өтей алмаймын», – деп қой. Осылай айтуды біл. Бұл сөздердің ақиқат екенін шын жүректен ұғын да, содан соң тіліңе шығар.

Балам, көңіл – Тәңірдің назар салар жері. Ақысы саған өткен адамды риза етпей тұрып, ісің оңға баспайды. Саған ақысы өткен адамның жүрегінде азғантай болса да реніш бар болса, сол реніш сені ешқашан жібермейді.

Балам, біреуге иіліп, қолын сүйдің бе, біреуден қарыздарлық сезіндің бе, ақ батасын ал, дұғасын ал және әрқашан қолдап жүр.

Бұл сен үшін өте үлкен бақ пен болашақ есіктерін ашады, иншаАллаһ. Күмәнсіз.

4 170рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    Тағы да мектептер туралы сөйлессек...

    Жаңа Өзбекстан шын мағынасында жаңа. Онда жаңа деп атауға болатын сансыз жаңалықтар бар, олардың кейбірі өмірімізге соншалық жылдамдықпен еніп, орнығып жатыр, көзіміз шалмай…

    3 мин

    Мектептің міндеті тек біліммен шектелуі біржақты нәтижеге алып келеді. Тәрбиені үйлестіру деген сөз де…

    Білім мен тәрбиенің мақсаты нақты түрде белгіленіп алынуы шарт. Бала ертең үлкен адам болады. Бала ертең үйдің, әулеттің, ақыр соңында, қоғамның иесіне айналады. Бала өмір…

    1 мин

    Шетелде оқу жоғары мақсат ретінде көрілмеуі керек. Мақсат оқу емес, білім алу. Білім алу емес, қандай білімді…

    Қандай да бір бай мемлекет мені тегін грант есебінен оқытады деп жүректің алып-ұшуы ішкі бір сезімдік және ақыл-ойлық бостықтан белгі. Қалыптаспағандықтың белгісі. Бақытты бөтен…

    1 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.