Ең дұрысын табу – машақат. Сене бер, солай.
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Ең дұрысын табу – машақат. Сене бер, солай.
Жүрегі ояу, парасаты терең адам ешқашан өтірікке көнбейді. Ол әрқашан ақиқатты қалайды. Адасып, тентіреп жүрсе де, ақиқатқа қайтады.
Өмірде белгілі заңдылықтар бар. Оларды ашу және сол негізде ғұмыр кешу – міне, мақсат осы. Бұл ашулар сені қорғайды: дүниеде масқаралық пен қорлықтан, ақыретте тозақтан.
Сен ол заңдылықтарды екі рет өмір сүрсең де, тауып, ұғып, соңына жете алмайсың, тек ұстаздың жетекшілігімен бәріне қол жеткізесің.
Ұстаз – өзінен бұрынғылардың ілім деп аталған аманатын ішіне салып алған жан. Ұстаздың осы тұрысы қырық қарақшының үңгірі сияқты. «Сим-сим! Есігіңді аш!» – десең, бұл үңгір ашылады.
«Сим-сим!» деген сиқырлы сөзден мақсат – ұстаздың кілтін тап, оның тілінен інжу-маржан мен гауһарлар жауғанын қаласаң, сөзге тарт, қуант.
Мағына байлықтары әркімге талабына лайық беріледі. Азына көнсең, аздап. Көбіне көнбесең, одан да көбірек.
Тәкаппарлық пен ашу, ғапылдық пен күдікшілдік мағына інжулерін алудан сені тосады. Сен көрген нәрсе сен көргендей болмайтынын, естігенің естігеніңдей емес екенін ұғыну үшін де түсінік көзің көруі керек.
Жастар, жақсы ұстаз тапсаңыздар, жіберіп алмаңыздар. Дарияда ағып бара жатқанда, сіздерге тасталған арқанды жіберіп аласыздар ма ешқашан?!
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.