Тіл

Құлағаныңда тұр дейтін адамың бар ма?

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Құлағаныңда тұр дейтін адамың бар ма? Қайғы сені билеп алғанда бәрі жақсы болады дейтін ше? Сені қараңғылықтан шығару үшін шын жүректен күресетін біреу бар ма өміріңнің шөлінде? Мерекелерде палау жейтін; бірге кофе ішетін; ісі түссе қолдайтын; қарыз сұрайтын, көмегіңді тәбетпен пайдаланатындар емес, сен үшін қайғы шегетін, дерттес болатын ешкім бар ма?.. Үлкен ықтималдықпен ЖОҚ деген жауап айтасың. Тереңірек ойласаң, аяусыз жауап осы. Бар деп ойлайсың ба? Барлардың із қалдырмай кетулеріне өмірдің өзі куә етеді сені. Сондықтан айналаңды толтырған шыны-аяқтас достарыңа сенбе, яғни оларға сүйенемін деп ойлама. Саған сүйенулеріне рұқсат беруің мүмкін, бірақ оларға сүйенбе. Сүйенбе, құлап түсесің. Ұстап қалатын адамың жоқ бұл әлемде. Егер болса… демек сен де, ол да адамзаттың ішінде аса сирек, шектен тыс сирек топтансыңдар. Сендердің бағаларың жоқ. Қалғандардың бәрі балқыған кеннің көбігі болса, сендер кеннің өзісіңдер. Бірақ мұндай болуы үшін адалдық, жылдар мен сынақтар керек.

4 700рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    Ұлылардың мынадай өсиеті бар: «Кемел мінездерді он бөлікке бөлсек, тоғыз бөлігі тағафулдан тұрады».

    Тағафул – біле тұра білмегенсу. Яғни айналадағы адамдардың қателерін, надандықпен жасалған қылықтарын көріп, көрмегенсисіз, біліп, білмегенсисіз. Олардан көз жұмасыз. Мұның…

    2 мин

    Әй, жүрегі гүлдей нәзік Әйел!

    Әй, ақылы сезімдер боранында шыр айналатын Әлсіз жан! Әй, шешімдері үнемі өзгеріп, екіұдайлық ішінде қалатын Нәзік жан! Сені биіктететін, ұлы мақам беретін Міндетің туралы ескерту…

    2 мин

    Ең дұрысын табу – машақат. Сене бер, солай.

    Жүрегі ояу, парасаты терең адам ешқашан өтірікке көнбейді. Ол әрқашан ақиқатты қалайды. Адасып, тентіреп жүрсе де, ақиқатқа қайтады. Өмірде белгілі заңдылықтар бар. Оларды ашу…

    1 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.