Тіл

Иман иесіне шабыт Құдайдан келеді. Өмір туралы, адамдар туралы, сұлулық және жалпы барлық нәрсе туралы…

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Иман иесіне шабыт Құдайдан келеді. Өмір туралы, адамдар туралы, сұлулық және жалпы барлық нәрсе туралы жүректе пайда болатын ойлар Құдайдан нұр сияқты жүрекке сыйға беріледі. Мұндай жарық ойлар мен тұжырымдардың парасат пен санада пайда болуы рахмани ілтипат екенін білу үшін мына белгілерге қарау керек: 1. Пайда болатын ойлар шариғатқа қайшы, күнә істердің нәтижесінде келмеуі керек. 2. Арақ, көкнәр немесе сол сияқты ақылды алатын нәрселерді тұтынғаннан кейін құйылып келетін ойлар қаншалық әдемі тілмен естілсе де, келу құбыры арам болғандықтан, қабылдаушыларда ешқандай жақсы әсер оятпайды, жақсылыққа қарай аяқтандырмайды. 3. Ой мен хикмет ішкі әлемнің, қиялдың жемісі болғандықтан, бұл іске кіріспес бұрын хамд, тәсбих, истиғфар, салауат айту – ішкі дүниені бір рет жуып алу деген сөз. Ешқандай ой мен шабыттың келмеуіне күнәлардың көбейіп кетуі де себеп. Адамның кірі – нәпсінің хайуани қалауларынан. Хайуани қалаулар нәпсіқұмарлық пен ашуды арттырады. Нәпсіқұмарлық пен ашу жүректі перде болып жабады. Жүрекке түсетін хикмет нұры осы пердеге соғылып, жүрекке жетпейді. Жүрекке жетпеген соң, тілге шықпайды. Жүрек бұзылады да. Жүректің бұзылуы еттің бұзылуы сияқты. Ет қалай айнып, құрттап, шірісе, жүрек те солай күйге түседі. Жүрек айныған соң, ол батыл мен харам нәрселерді, шайтан мен кәпір жындарға ұнайтын істерді сүйеді. Сондықтан кейбір ақындар мен жазушылар өте лас әрі жиіркенішті нәрселерді мейір мен сүйіспеншілікпен ерінбей жазады. Айныған етті түзету мүмкін болмағаны сияқты, жүректі түзету де мүмкін емес. Жүректің ішінде ақыл, фуад, парасат, сана, сұвайда сияқты нәрселер бар. Айнығаннан кейін бұлардың бәрі жойылады. Оларды тірілту машақатқа айналады. Тек жүректі түзететін нәрсе – ұзақ уақыт бойы одан нәпсінің былғанышын үзу. Былғаныш – бұл балшық, ластану деген сөз. Нәпсінің былғанышы ол азапқа түскенде тоқтайды. Нәпсіні өз еркіңмен разы болып азаптай алмасаң, жүрегің түзелмейді. Науқастың кәсібі тәуіп болса да, басқа тәуіптің емдеуіне мұқтаж болғаны сияқты, нәпсіні адам өз бетінше түзете алмайды. Нәпсіні бағындыра алмайды. Оған бір мүршидтің тәрбиесі керек. Мүршид дегеніміз – мүридті тастамайтын және одан ішкі және сыртқы жағынан хабар алатын, мүриді науқастанса, жеке өзі тікелей емдей алатын кәрамат пен махаббат иесі. Кімде-кім мен ұстазға немесе мүршидке мұқтаж емеспін десе, ол – өтірікші. Мүршид таңдаудың шарттары бар. Кез келген пірді мүршид тұтуға болмайды. Мүршидтің тасаруфы мен ішкі қуаты аса кемел болуы керек. Мүршид таңдау шарттары – бөлек ілім. Біз болсақ жүрек науқасы туралы айтып жатырмыз. Нәпсі мойынсұндырылғанда, ол ит сияқты ырылдамайтын күйге түскенде, жүрек оның кесапатынан құтылады. Бауыр өзін өсіріп қалпына келтіргені сияқты, жүрек өзін қалпына келтіре бастайды. Алдымен оның қақ ортасындағы луб, содан соң оны қоршап тұрған фуад, оны қоршап тұрған парасат, оны қоршап тұрған сана, оны қоршап тұрған ақыл, оны қоршап тұрған сұвайда және ақырында жүрек сауығады. Ол тазарады. Жарқырайды. Оған Раббының сипаттары мен заты тәжәлли етеді. Енді бұл мүлдем басқа мақам. Ол – бөлек хикая…

Төрттік: Жансыз жатқан жүрегімнің басында көз жасын төктім, Жүру үшін жолыма қаншама төзім төктім. Өкініштің дариясы бар болмысымды ғарық етті, Я, Раббым, деп айқайладым, көзімнің жасына шөктім.

3 040рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    Құлағаныңда тұр дейтін адамың бар ма?

    Қайғы сені билеп алғанда бәрі жақсы болады дейтін ше? Сені қараңғылықтан шығару үшін шын жүректен күресетін біреу бар ма өміріңнің шөлінде? Мерекелерде палау жейтін; бірге кофе…

    1 мин

    Ұлылардың мынадай өсиеті бар: «Кемел мінездерді он бөлікке бөлсек, тоғыз бөлігі тағафулдан тұрады».

    Тағафул – біле тұра білмегенсу. Яғни айналадағы адамдардың қателерін, надандықпен жасалған қылықтарын көріп, көрмегенсисіз, біліп, білмегенсисіз. Олардан көз жұмасыз. Мұның…

    2 мин

    Әй, жүрегі гүлдей нәзік Әйел!

    Әй, ақылы сезімдер боранында шыр айналатын Әлсіз жан! Әй, шешімдері үнемі өзгеріп, екіұдайлық ішінде қалатын Нәзік жан! Сені биіктететін, ұлы мақам беретін Міндетің туралы ескерту…

    2 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.