Тіл

Адамның ер жетуі кезең-кезеңімен өтеді. Алдымен ол бір қатесін ұғынады, қиналып түзетеді; кейін екінші…

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Адамның ер жетуі кезең-кезеңімен өтеді. Алдымен ол бір қатесін ұғынады, қиналып түзетеді; кейін екінші кемшілігін ашып, оны жоюға ұмтылады. Адамның бір кінәдан құтылуы тез болмайды: ауыр, күресті, көз жасты өтеді. Кейде қайта-қайта талпыну да күткен жемісті бермейді. Алдымен нәресте, кейін бала, кейін сәби, кейін жеткіншек, кейін бозбала, кейін жігіт, кейін кісі, кейін қария, қарт деп аталуымыз бекер емес. Әр кезеңнің өз ерекшеліктері бар: нәресте жылайды, ештеңе түсінбейді; тамақтанудан, жуынудан бейхабар т.с.с. Бала шалбарын кие алмайды, сұрақ қояды, жүгіреді, құлайды; сәби бәріне аузын ашып қарайды, сұрақ қояды, қызығады; жеткіншек көкейі көкке жетеді, ашуланады, жүйкесі жұқарады, алдауға тырысады, бәрінен наразы; бозбала өзіне шектен тыс сенеді, ешкімді менсінбейді, бәрінен қате табады, үздіксіз сөйлегенді жақсы көреді, өзін көзге көрсетуге тырысады, өзін жақсы адам әрі кемел етіп таныстыруға талпынады; жігіт өз күшін сезінеді, байсалды болуға тырысады, өмірдің қиындықтарын ақырындап түсіне бастайды, сөздерін ойланып айтуға тырысады, жауапкершілікпен өмір сүруді үйренеді; кісі басылады, салмақтанады, түрлі армандардан бас тартады, ессіздіктен, ашушаңдықтан және келтепайымдылықтан алыстай береді; қарт, қария енді асықпайды, ақыретті ойлайды, отбасының болашағы туралы қам жейді, жастарға өз тәжірибесін жеткізіп, оларды түрлі бәлелерден қорғауға күшін жұмсайды т.с.с. Адамның ер жетуі шамамен міне осындай баспалдақтар бойымен жүзеге асады. Көптеген жастар өзін бір нәтиженің иесі, ақылды, бәрін түсінген, күнәларына тәубе еткен, өмірін жолға салып алған тұлға ретінде көрсетеді, ал шын мәнінде, бәрі жасанды бояу, яғни декор. Бұл жағдай олардың сәбилік ділде екенінің дәлелі, яғни инфантильді менталитет. Адамды насихаттан гөрі азап пен бейнет өсіреді. Насихат пен өсиетке құлақ аспаған, өзім білемін дегендерді өз халіне тастауға мәжбүрміз: оларды осы күйінде өте үлкен бейнеттер күтіп тұр, азаптар оларға зар. Амал не, осылай сүрінуі, маңдайының тасқа тиюі оған жазылған екен ғой, ас болсын деуден басқа амалымыз жоқ. Бірақ кейбір жастар ішкі сезім мен әлеуетпен өзінің ешкім емес екенін табады. Мектеп аша ма, компания иесі бола ма, шетелден тауар әкеліп сата ма, PhD қорғай ма, мен ешкіммін деп өмір сүреді. Ол жол бастаушы тауып, оған мойын ұсынады; өйткені ұстаз оған насихат айтып тұрады, сол насихат оған жолдың картасы ретінде қызмет етеді: енді ол бәле-жалаларды, ор мен шұңқырларды көріп, оларды айналып өтеді және мұрат-мақсатына жарақатсыз жетеді.

Акром МАЛИК

4 460рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    Қызметкерлердің ұсақ кемшіліктері — қалыпты жайт. Яғни жұмысқа кешігуі, тапсырмаларды өз уақытында…

    Оларды дереу қатты ұрсуға, салмақты сөздермен айыптауға асықпаңыз. Басшы бұл кемшіліктерді түзетуге көмектеседі: қажет болса, әр жолы еске салады, насихат айтады, бірақ…

    1 мин

    Бөгделер

    Екі ұрының тәубесі өте қызық өтті: балалығынан қалта қағып, ел малын сыпырып ер жеткен бұл екеуі Молла Ғани пірдің аяғына жығылды: дат, тәубе еттік, десті. Молла Ғани адамдардың…

    3 мин

    Сенім

    (Тарихқа жазылған ақиқат) Қаған сізді шақырып жатыр дегенде, Батыр Басшы бәрін түсінді: әмірші патшалығын кеңейтуге шешім қабылдапты. Өйткені алты ай бұрын Ыстықкөл жағасындағы…

    3 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.