Жалақы берудің хикметі туралы кейбір ақиқаттарды айтсақ, пайдалы болуы ғажап емес, иншаАлла.
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Жалақы берудің хикметі туралы кейбір ақиқаттарды айтсақ, пайдалы болуы ғажап емес, иншаАлла. Басшы, ол қандай жерде болмасын, қызметкерлердің көңіл-күйі мен мінезін біліп тұруы керек. Яғни қарым-қатынас пен бұйрықтар соған сай болуы тиіс. Жаңа, яғни тәжірибесі аз немесе тәжірибесі жоқ жас жұмысшыларға алты айсыз жоғары мөлшерде жалақы беруге болмайды. Себептері мыналар: 1. Жастардың көбінде ақша жұмсау ілімі жоқ. Яғни олар ақшаны қажетті орынға жұмсауды білмейді, олар ақшаны қажетсіз әуестіктерге шашады. Оларға берілетін айлық жалақы да осылайша ысырап болып кетеді. 2. Ақша жұмсау ілімі оқумен қатар тәжірибе арқылы қалыптасады. Яғни ақшасын ойланбай жұмсаған әтеш-бозбала ертең мұқтаждыққа түсіп, басы тасқа тигенде: «Әй, ақшаны сәл ойланып, айналама қарап жұмсауым керек екен ғой!» — деп қорытынды жасайды және ақшаны ең қажетті жерлерге жұмсауды үйренеді. Айлығы азырақ болса, бұл мәселеде үнемшілдік шеберлігі артады. 3. Белгілі бір уақыт бойы мұқтаждық адам үшін қажет. Мұқтаждық — өсудің факторы. Мұқтаждық ақылды адам үшін хикмет пен қуат көзі. Яғни ақылды жігіт мұқтаждық арқылы мұқтаждықтың себептерін үйренеді, оған түспеу шараларын ұғынады, мұқтаждарды сезінеді, мұқтаждарға қалай және қандай түрде көмектесу керектігі жайлы тәжірибелік білім алады. 4. Азырақ айлық алып жұмыс істеп жүрген жігіт сабыр мен адалдық жағынан сынақтан өтеді. Ол бастықтың хикметі мен мейіріміне, әділдігі мен тәжірибесіне сенеді, жетіспеушіліктерге сабыр етіп, адалдықпен өз жұмыс орнына және басшысына қызмет етеді, ал бұл оның ырысы үшін, сенімге кіріп, үлкен қызметтер атқаруы үшін, ақыр соңында береке мен жақсы ырысы үшін жол ашады. 5. Ақшасы аз адам ұзақ уақыт осы күйде қала отырып, ақшаның аздығы оның өмір сүруіне қиындық туғызбайтынын түсінеді. Кейбір нәрселердің болмауы өмірге нүкте қоймайтынын түйеді. Ақша бәрін шешпейтінін түсінеді. Ақша ол қалаған кезде өздігінен емес, еңбек, біліктілік, жігер және сабыр арқылы Құдай қалаған уақытта келетінін терең ұғынады. 6. Жас жұмысшы жұмыс орнында істей жүріп, ең алдымен өз саласында тәжірибеден өтеді, яғни алғашқы кезеңде ең маңызды тәжірибе мен білімді, біліктілік пен дағдыны игереді, бұл жағынан оған жұмыс орны — мектеп, бастық — ұстаз міндетін атқарады, ол азғантай айлық алып, көп жұмыс істеу арқылы сол мектеп пен ұстаздың ақысын өтейді. 7. Жас жұмысшы көп істеп, аз айлық ала отырып, жанкештілік пен төзімділікке жетеді, адал еңбектің мәнін түсінеді, болашақтағы береке осы адал термен пайда болады, жас жұмысшы еңбектен келетін ризықтың қаншалықты тәтті әрі қымбат болатынын бүкіл болмысымен ұғынады. Жалпы алғанда, бұл мәселеде көптеген хикметтер бар, сондықтан құрметті жігіттеріміздің өз орнымды таппадым, өсуім керек деп жұмыстан жұмысқа секіруі дұрыс емес, бұл оларға тұрақсыз деген таңба жапсырады; егер бастық инсапты, иманды, адал болса; жұмыс орны адамдарға пайдалы қызмет етіп жатса, пайдалы өнім беріп жатса, демек, сол жерде қалу керек, тек бұл нәрселерді жұмысқа кірмес бұрын біліп, күдіктерден арылу талап етіледі. Бұл ілімді кемелдей біліп алыңыз, өзіңізге терең сіңіріңіз, бұл сөз бастықтарға да, қызметкерлерге де қатысты. ИншаАлла, пайдасын көресіз. Осы ілім болмағандықтан жұмысшыларда тұрақтылық жоқ, басшылар қиналған, жұмыс істеймін деген жастар да машақат шеккен... Оның үстіне олар интернетті толтырған «мотиватор ақылгөйлердің» өсу үшін қолайлы орта ізде деген сандырағы мен былшылына алданып жүр. Сөзімізді қысқа қылдық, өйткені бұл жайында кең көлемде кітап жазуға болады.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.