БІРІНШІ ТАРАУ
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
БІРІНШІ ТАРАУ ОТБАСЫНЫҢ ӘМІРШІСІ — ӘКЕ
Бірінші бөлім Әкенің мәртебесі
Әкенің мәртебесі ешқашан талас тудырмайды. Әке — отбасының басшысы. Оның сөзі — сөз. Оның пікіріне қарсы шығуға болмайды. Оның бірде-бір бұйрығы жерде қалмауы керек. Әке сөйлегенде бәрі үнсіз қалып, оны тыңдайды. Әкенің артынан ғайбат айтылмайды. Әкенің үстінен шағым-өсек жеткізілмейді. Әке алып берген заттар күтіп ұсталады. Әкенің достары — дос, дұшпандары — дұшпан саналады. Әкенің аға-інілері — көкелер әке сияқты құрметтеліп, оларға мойынсұнылады. Әкені ренжітетін істер жасалмайды, сөздер айтылмайды. Әке бұйырса, барлық іс тоқтатылып, сол іс орындалады. Әке дүниелік істерде перзентіне материалдық зиян келтіретін іс бұйырса да, сүйе-сүйе орындалады. Әкенің қалауы үйдегі әркімнің қалауынан жоғары тұрады. Әкенің қатесі талқыланбайды. Әке қандай да бір кінәсі үшін перзенті тарапынан сөгілмейді. Әкенің сыртынан біреу сөкса, перзенті оны дереу қатты қорғайды. Әкенің абыройын жерге қаратып, беделін түсіретін әрекеттер жасалмайды. Әкенің көзқарасы мен пікірлеріне қарсы пікір айтылмайды. Әке кеңес сұраса, ұзақ ойланып, ақырын дауыспен кеңес айтылады. Әкемен сөйлескенде жымиған жүзбен, жайнаған көзбен сөйлесіледі. Әкенің алдында мұңайып отырылмайды. Оның қасында барлық қайғы-уайым ұмытылады. Қандай мәселе болса да, әкеге айтылып, кеңес алынады. Қандай жетістік болса да, әдемі баяндалып, әке қуантылады. Әкенің алдында тізе бүгіп отырылады, шалқайып отырылмайды, жантайып жатылмайды. Әке орнынан тұрса, перзенті де дереу тұрады. Әкенің көзіне тік қаралмайды. Өзге адамдардың әкесіне тіл тигізілмейді, керісінше олардың алдында олардың әкелері де құрметпен аталады. Әкенің тек жақсы қасиеттері еске алынады; айтылады; үлгі алынады. Әкенің қызметіне әзір тұрылады. Әкенің қажеті ол айтпай тұрып орындалады. Перзент мүмкіндігінше әкенің көзі мен қимылына қарап, оның не істегісі келетінін, не қалайтынын сезіп, сол істі атқарады, сол нәрсені дайындайды. Әкенің ақысына күн сайын дұға жасалады. Әкенің алдында қатты дауыспен сөйлеу, қарқылдап күлу, орынсыз сөздер айту мүлдем жарамайды. Әке шариғаттан тыс іс бұйырса, орындалмайды, үнсіз қалынады, қарсылық та білдірілмейді, сөз де қайтарылмайды.
Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.