Тіл

БІРІНШІ ТАРАУ

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

БІРІНШІ ТАРАУ ОТБАСЫНЫҢ ӘМІРШІСІ — ӘКЕ

Үшінші бөлім Әкенің отбасындағы саясаты

(Басы. Жалғасы)

Әкенің ұл мен қызға деген көзқарасы әртүрлі. Қызға қатты сөйлемейді, тек жұмсақ сөйлейді. Әкенің қызын сүюі ұсынылмайды, сондай-ақ, қыз да әкесін сүймеуі керек. Бұл ұлттық ескі тәрбиенің бір бөлігі. Қыз тәрбиесімен ана айналысады және бұл туралы бөлек тарауда айтылады. Әке ұлды бақылауда ұстағанда, оның шарттары бар. Біріншіден, ұл болатын және болмайтын істер тізімін білуі керек, оған бұл туралы кезең-кезеңімен және жеке сұхбаттарда жасына қарай айтылып отырады. Екіншіден, әке кейбір жағдайларда ұлдың қателеріне көз жұмып, ишаралармен оны түзелуге шақыруы керек. Біле тұра өзгелердің кемшілігіне көз жұму тағафул деп аталады және көркем мінездің оннан тоғыз бөлігі тағафулдан тұрады делінген. Үшіншіден, әке ұлдың жасы ұлғайған сайын оған дербес шешім қабылдауы үшін жағдай жасап беруі керек, ұл бұл шешімдерінің артынан келетін ұтылыстарды да көруі әрі қорытынды жасауы шарт. Төртіншіден, әке — перзент үшін ең бірінші нәпсі тәрбиешісі, яғни перзенттің нәпсісін ең жақсы тәрбиелейтін — әке, осы ақиқатты ұмытпаған күйде әке ұлдың құтырып бара жатқан нәпсісін тежеуден шегінбесін. Әкенің ұлға дене еңбегін, ұйымдастыру істерін бұйыруы, бұл істерді қалай орындауды үйретуі табиғи. Әкенің ұлына кемінде үш өнер — қол еңбегіне байланысты өнерді үйретуі, бұл жөнінде шеберге беруі жақсы іс, ұл осы өнер арқылы күн көрмесе де, бұл өнер оған бүкіл өмірі бойы үлкен көмекші болады. Сондай-ақ, әке ұлмен уақыт өткізу, саяхатқа шығу, белгілі бір міндеттерді бірге орындау істерін де атқарады. Яғни ұлмен тауға, алыс сапарға, спортқа, түрлі шараларға, асқа, тойға, жиынға, жаназа сияқтыларға бірге баруы керек. Осы барыста ұл әкені жақсырақ танып, рухани оған жақсырақ байланады. Әкенің барлық тәрбиені мен бере аламын деуі қате. Әрине, ұл үшін кемел ұстаз іздеуі керек. Ұстаздың жасы үлкен, үйленген, аты мен абыройына дақ түспеген, басқа шәкірттерді кемелдікке жеткізген, сенімді адам болуы мақсатқа сай. Қазіргі күнде ұстазды әкенің өзі таппаса, ұл бір ұстаз тапса, әке онымен жеке кездеседі, егер көңіліне қонса, оның қызметін жасайды, ұлы үшін оған жақсылықтар жасап тұрады. Бұл нұсқаулардың барлығы ұсыныс, бұл — кемел перзент тәрбиелеуге арналған жалпы ережелер ғана, оған амал етілсе, жақсы нәтиже болатынына үміт бар.

Акром МАЛИК

(Жалғасы бар)

2 500рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    БІРІНШІ ТАРАУ

    ОТБАСЫНЫҢ ӘМІРШІСІ — ӘКЕ Үшінші бөлім Әкенің отбасындағы саясаты Әке отбасында көп жағдайда байыпты әрі күлімсіреген адам. Ол алаңсыз әрі бейбіт, салмақты әрі байсалды. Әке әрбір…

    2 мин

    БІРІНШІ ТАРАУ

    ОТБАСЫНЫҢ ӘМІРШІСІ — ӘКЕ Екінші бөлім Әкенің мінез-құлқы Әке — отбасының бүкіл жүгін иығымен көтеретін тірек. Ол мұны терең түсінеді. Ол көркем мінезді өзінің басты қорегіне…

    2 мин

    БІРІНШІ ТАРАУ

    ОТБАСЫНЫҢ ӘМІРШІСІ — ӘКЕ Бірінші бөлім Әкенің мәртебесі Әкенің мәртебесі ешқашан талас тудырмайды. Әке — отбасының басшысы. Оның сөзі — сөз. Оның пікіріне қарсы шығуға болмайды.…

    2 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.