Өмір
Қайда қашарын білмейді кейде,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Қайда қашарын білмейді кейде,Ішінен жеп келер бір қайғы кенет.Керіліп жүргені қинайды оны,Беріліп жүргені қинайды оны.Ішкен суларынан ұят тартар,Кешкен ойларынан мұңы артар.Аяқ созғанынан ұялады ол,Дүние кезгенінен ұялады ол.Екі себеппен халі осындай,Көңілге инсап тілеп халі осындай:Бірі мынау: оны көмді нығметтер,Жаңбыр секілді жауды түрлі сәндер.Бірақ шүкір ете алмай масқара бұл құл,Тіпті ойлай алмай жылап тұрар ол.Тағы бір себеп бар ұялуына,Қайғы тартып жүрегі қиналуына —Қалайша сүйдім деп Құдайды,Тастай алмау мүмкін дүниені?!Яр қасына бармай айрылыстар арасындаКөніп өмір сүресің бе, ей, беті қара?!Ярым – Құдай деп айтса да, бірақӨтірікші ғашықтай болып әрдайымТіпті өмір сүруден де ұялар шексіз,Яры бұйырғандай өмір сүре алмай, әттең.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.