Махаббат
Білдіріп сүйесің бе, білдірмей сүйесің бе,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Білдіріп сүйесің бе, білдірмей сүйесің бе,Қызғаныштан жанасың ба, махаббатыңнан танасың ба;Сырыңды айтып келесің бе, азаппен есесің бе,Бәрі күндей анық, ай жарық түндей анық,Қауышуың – мұратым, көзқарасың – жұбанышым.Білемін қиялыңда, жауап пен сауалыңда,Жүрсең де алыстарда, жүзсең де жағалауларда,Жатсаң да көз жұммай, тартсаң да аһты тынбай,Зұлымдықтан етсең пәрияд, сөзімнен жүрегің абат,Махаббатың қаншалық сазды, пәк әрі асыл.Отта күймейін деп, шектен көп сүймейін деп,Бақталастар ортасында, ғашықтар айналасында,Күлсем біреуге егер, жылағың келіп, бәлкім,Сөйлесем тілдерімді, құшсам бұл қолдарымдыКескің де келер, кеткің де келер.Кетуге мүмкіндігің жоқ, қалуға дәрменің жоқ,Қандай әдемі бұл, қандай жарық сәуле,Пәк ғашықтан қымбатырақ, айрылыстан міндеттірекБір нығмет бар ма екен, ұлы жомарттық бар ма екен?Құдайдан сұрағаным осы, ең нұрлы көргенім осы —Махаббаттан айырма, махаббаттан айырма!Махаббатсыз бұл өмір жақсы іс пе, қайыр ма?Өлімге қарай жол жүрсем, ғашықсыз сапар сейіл ме?!
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.