Махаббат
ТӨРТТАҒАНДАР
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Жүрегімде махаббат оты лаулап,Күйдіріп рухымды тазартар күннен күн.Ғашық құштарлығы теңіздей тасығандаТым тар екеніңді көремін, ей, әлем!***Махаббатымның суретін салшы десем,Сырымды інжудей тізші десем,Ғашықтың қазынасын салып кемеңе,Мәңгілік мұхитында жүзші десем…Сөздер әлсіздікті мойнына алып,Кірер басын иіп оңаша қойнына!..***Шайтаннан ба, нәпсіден бе — жолдан көп аздым,Өзімді өкініш дарына астым.Тозақ отын сөндіру үшінРаббым, махаббатыңның отына қаштым!***Кейде қорқыныш алдында өлдім, жоқ болдым,Соң үміт қолында қуанышқа толдым.Сұмдық тырнағында пәрияд ұрып соң,Рахат аңғарында жайнадым, күлдім!..***Шайтан қайда жүрсем — шұңқырын қазды,Рахман шұңқырды көр деп шырақ ұстатты.Аяғымнан шалып жықты күнә,Хақ лұтфы қолымнан ұстап тұрғызды.***Мені күнәсіз деп ойлама, бауырым,Бірақ қасымнан кетпе, бауырым.Өзіңдей қателескіш екенімді біл,Сынық тәубемнен күлме, бауырым.***Күн сайын түрлі қате жасаймын,Қатені азапқа жалғаймын.Күнә түтінімен кірлеп кеткен соң,Түнде көз жасымен ғұсыл аламын…***Құдайым, жүрегімді азаптан құтқар,Дүние деп аталған сағымнан құтқар.Қашан оянамын! Жәрдем бер, Раббым,Ғапылдық, нәпсі атты бұл ұйқыдан құтқар!..***Соншалық тар екен бұл аспан, бұл жер!Тек тақуалық үшін төкпейсің бе тер?!Менде не қуат бар, не қасиет, не күш,Құдайым, ғұмырыма берекетіңді бер!Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.