Тіл

Өмір

Баянсыз жаһан сұлуы, уаллаһи,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Баянсыз жаһан сұлуы, уаллаһи,Жаһан сұлуы жоқ, Алладан басқасы!Әлішер Науаи хазіретДүние бейне өмір сүруге әдемі мекен,Ойлап қарасаң, жұмаққа да ұқсап кетер.Неше бір ер-азаматқа – сол сүйікті,Назымен некесіне кіріп алған.Бірақ қазы арқылы ажырасу мүмкін емес.Қас-көзін сүзіп тұрған сұлу ма ол?!Қиялыңды бұзып тұрған сұлу ма ол?!Артынан жүгіргендер отар ма бұл?!Құшағында мас боласың, шыға алмайсың,Күрестерде жеңілесің, жыға алмайсың.Қызғанасың, әр жаннан жасырасың,Кейде есің кетсе, мақтап асырасың,Қауышуына өзіңді де асықтырасың,Өзін тартса, аяғына жатып жылап,У берсе, бал деп татып жылап.Дүние деп аталған бұл перизатты,Көздеріңді ойнатқан бұл асауды,Құмарлық пен нәпсімен шөлдеп аңсама.Ғапылдарға Құдай оны күң етіп берді,Ал олар, сорлылар, оны құдай білді.Жүрегің толы толқу мен сезімдермен,Қандай әдемі деген түрлі құмарлықтарменРим, Париж, Лондон деген қыздарменТаныссың, бірақ дүние – жай ғана жезөкше,Кірлегені – жүрегің, мөлдір бір шыны.Ғимараттары, көпірлері, сағаттары,Сағаттарға байланған әр әдеттері,Есіңді алса, сол – үлкен апаттары,Құдай зікірін қойып, кімге көңіл байладың?!Жылпылдаған қай қызбен уақыт өткіздің?!Суретін түсіріп, оған көбелексің,Сүйіп, пұтқа табынғандай дуанасың,Ақылың жоқ, бұл ісіңнен сен танасың,Сүймесең егер, осылай жанып елпілдер ме едің?!Сүйе-сүйе суретке түсірер ме едің?!Мейлі сүйдің, қалса еді, шіркін, жасырын,Ол махаббатты әлемдерге еттің дастан,Көз-көз етіп, дедің: «Көрсін жақсы-жаман»,Дәл сүйіп мақтанғандай күңін,Көрсеткендей ел-жұртқа сор ісін.Мейлі, кейде мәжбүр болып сапар шек,Сапарлардан түрлі-түрлі жеміс ал.Бірақ дүние махаббатынан сақтан,Сонда атың ер болады ерлер ішінде,Дұшпандарың естігенде тұрар дірілдеп.Дүние деген жезөкшені сүйме, қой,Неше бір ерлердің төсегін гүлдеткен ол.Дүние үстінде ие бол, болма құл,Ұлылардан қалған өнеге осы, досым,Бұл насихат жұмақтан бір гүл, досым.Акром МАЛИК

5 700рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    ТӨРТТАҒАНДАР

    Жүрегімде махаббат оты лаулап, Күйдіріп рухымды тазартар күннен күн.

    Махаббат

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.