Махаббат
Күйіп кеткен жүректің суретін көрдің бе?
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Күйіп кеткен жүректің суретін көрдің бе?Маған келіп халің қалай деп сұрадың ба?Ғашығыңды жағу сенің дертің бе?Сөйлеуге халім жоқ, уаллаһи,Залымға сауалым жоқ, уаллаһи!Қайда қашарын білмес ғаріп құспын,Болмысым бір қиял, мүмкін түспін.Рух Сені іздеп кетті, қаңырап бос қалдым,Көзімде кеуіп қалды жасы, уаллаһи,Қайдасың, рухымның күні, уаллаһи?!Сыртым жүдеу, ішім жаралы,Көздеріңмен жүректі олжа еттің бе?Дауылдай есемін – жоқ мүлде тұрақ,Мекенінен айырылған құлмын, уаллаһи,Әр түйірі қайғы құлмын, уаллаһи.Дүние бір бұта, келдім де қондым,Жамалыңды көрдім де, өртендім, жандым...Шөлдеп едім, көз жасын іштім де, қандым,Бірақ тағы күйер ішім, уаллаһи,Қай шөлдерді кештім, уаллаһи?!Ұшуға дайынмын Сен жаққа ғана,Бірақ сыйдыра алмас бұл аспан ғана...Топырақ – тынысым, тар жаһан ғана,Сенен келген мұң – қуаныш, уаллаһи,Сенсіз қалу қандай қорқынышты, уаллаһи!Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.