Тіл

Өмір

Құдай бұл әлемді жаратты әрі

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Құдай бұл әлемді жаратты әріӘлемді адамға мекен етті.Бір-бірін сүйесін деп қуаныш, қайғыда,Адамға достықты сыйға тартты.Достықтың шарты не? Яғни ол қашанПәк жүректерде бүршік жара бастар?Достықтың бұлағы – мейірім, сен,Мейірімнен көктемге айналады қыс.Мейірім берсең егер ағашқа, гүлге,Тіпті жануарларға көрсетсең шапағат —Адал достар секілді орнығып көңілге,Мөлдір сезімдер сыйлар әлбетте.Бірақ бір ақиқат бар — әлемдей кең,Мейірімнің құнын көрсетер:Ешқандай мейірім тең келе алмасАдамға адам берген мейірімдей.Демек, мейірім нұры жарқыраған сәттеДостық жайнайды, гүлдейді көңіл.Бірақ тағы бір ақиқат бар жаһанда,Одан бейхабар қалуың мүмкін емес.Адамды дос тұту – пейілі таза әрі пәк –Қандай ұлы іс, қандай ұлы еңбек.Бірақ ойлап көрші, бір инсап етіп –Тәңірі досым десе, бұл қандай хал болар?!Тәңірінің достығы бәрінен ұлы,Ол достық сыймас жер мен көктерге.Сондай нығмет ол, мүбәрак, құтты,Иық тосуға тұрар кез келген жүктерге!..Бұл достықтың кілті қайда, бірақ?Қалай болуға болады Құдайға қалаулы?Ей, дос, сен біл, білсін бұл дүние –Шүкір мен сабыр – Тәңірге сүйікті!Сабыр мен шүкірмен әрбір адамзатҚұдай достығына болар мұшарраф.Алла де, ешкімге пәрияд етпе,Қызметке періштелер келер сап түзеп.Шүкірсізден қаш қанатты жайып,Қашқанда жел бол, тіпті найзағай бол.Бірақ қайдан тапсаң шүкірлі жандыОған жүрегіндей дос бол, жақын бол!Акром МАЛИК

4 680рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.