Тіл

Өмір

Дос шықпас ешқашан дүние ахлынан,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Дос шықпас ешқашан дүние ахлынан,Әсте тарта алмас дос үшін машақат.Дос үшін кеше алмас ләззат теңізінен,Жақсы күндердің ғана досы ол жандар!Жанына дос себепті жетсе бір азап,Ұмытар опа не, адалдық не.Ғұмырыңда жайнаса жаз, көктем, бәһәр,Қасыңда жалпылдар «махаббат ахлы».Күз келіп, жетсе қыстан бір лебіз,Хазан жапырағындай бәрі ғайып.Қолыңнан ұстауға бір қол табылмас,Мабада құласаң кенет тайып.Дос кім? Егер сенде бір ауыру,Бір азап барын сезсе кенеттен;(Негізі, дос деген халіңнен, біл,Айтпай тұрып-ақ әрдайым хабардар!Дертіңді дастан етіп айтпай тұрып,Көзіңнен қанды жас ақпай тұрып,Сенен бейхабар болған жанды ешқашанДос деп атауың қате, туысқан!)Қысқасы, доспын деген сенде бір ауыру,Бір азап барын сезсе мабада,Ұмытар тыныштық, рахатты мүлде,Дерт пен ауруыңа тапқанша дауа.Түнді таңға ұлар, күндерді кешке,Бірақ тыным білмес, жүгірер, елпілдер.Сенің қиындығыңды шешкенше, бірақ,Тау мен шөлдерді айналып келер.Сенің азабыңнан тартар қайғы,Сенің қамыңмен алар тыныс.Сенің науқасың бермес ұйқы,Сенсіз бұл әлемді көрер тор.Сенің шаттығың үшін қан жұтар күліп,Сенің саулығың үшін құрбан етер жан.Дидарыңның қасында бақытты болып,Сұхбат, үнсіздігіңнен бас тартпас ешқашан.Егер ондай болмаса доспын дегендер,Достық – сәбилерге тән бір әуестік.Даңғаза сөйлеп кеуде кергендерЖай ғана сөзбен ұшар.Өзің де достықты ұқпасаң,Өтірік сезім мен әуестікке алданба.Көңіл айнасын ұстай алмасаң таза,Дос деп сыбырлап, ешкімді құшпа.Достық – батыр ерлерге майдан,Желөкпе жасөспірімдер ойын алаңы емес.Достық бір кітап – сырларға толы,Жалған ғашықтардың аһ-уаһы емес.Дүние шынжыр салып сүйреген жандарҚалай дос болсын, ей, адамзат!Азаттығын ләззатқа сатқан нәкастарОпа ғимаратын тұрғыза алмас!Акром МАЛИК

3 810рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.