Тіл

Даналық

Ескі кітаптар бұл, ақсақал жазулар,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Ескі кітаптар бұл, ақсақал жазулар,Бес не алты жүз жыл жасы.Сырлы толқиды сиқырлы өнерлер,Сиясы – бабалар жүрегінің көз жасы.Ескі кітаптар бұл – өткеннің рухы,Мүмкін болашаққа жағылған шырақ.Айбат, айқай, дерттің салтанаты,Шайтандарға қарсы сермелген қару.Өткен кітаптар бұл – бүгінгінің ақылыЖете алмас асқақ аспан.Оны оқуға хақылы боларӨмір тылсымына ынтық адам.Өмір тылсымын ашқың келсе,Ғасырлар қатынан парақта кітап.Сонда көрерсің адамзат көкірегіндегі тасҚаншалық күйзеліс, қаншалық азап!Сонда көрерсің бүгін адамзат соқыр,Хақты жалған деп бекітер.Жалғанға мәжнүндей ғашық, әттең,Әркім өз нәпсісін әмірші еткен.Сонда көрерсің дүние – алып бір тұзақ,Әр гүлі мен қызғалдағы – өлтірілгендер қаны.Әркім қашып барар мекеннен алыс,Жүректер – ғапылдық деген қараңғылық кені.Ескі кітаптарда жасырын екенБақыт пен саадаттың кілті, уаллаһи!Бірақ оған бәрі бөтен екен,Көрінбейді екен Хаққа ешкім тілектес!..Акром МАЛИК
Ескі кітаптар бұл, ақсақал жазулар, — фото

3 380рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.