Тіл

Даналық

Заман данышпаны, хикметте күн

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Заман данышпаны, хикметте күнБолған жанның алдына келді бір уағызшы.Жігері тасқан еді әрі жас,Ұстаз алдында ақырын бүкті тізе.Деді: «Адамдарға жақсы сөз айтсам,Шақырсам бәрін жақсылық жаққа.Көп жиын көрдім, Аллаға ант,Жақсылық не екенін білмеймін әлі».Мүршид басын иіп батты ойға,Мүмкін әр ойын тексерді ол.Ақыры тілі келді зікірге:«Балам, сөз айтуда әрдайым сақ бол!Жақсылық, жамандық деген не? Ей, сырлас,Ақылың дұрыс сөзді айтпас күмәнсіз.Адасып кетуің анық, адамЖақсы мен жаманды айыруға әлсіз, сен.Расында, әлем кең, уақыт та ұзақ, біл,Жақсылық, жамандық араласып кеткен.Жетпіс не сексен жыл жасап, инсап қыл,Кімнің ақылы хақты ұғуға жеткен?!Сол себепті көңілге сал Хақ сөзін,Нәбидің сөзін ұғуға ұмтыл.Орында әулиелер құрметін,Осы жолмен хаққа шығуға ұмтыл.Яғни жақсы не, жамандық не,Саған аян етер илаһи хикмет.Әйтпесе қандай сөзді тіліңе келтірсең де –Бәрі бекер болар, әлбетте».Акром МАЛИК

3 030рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.