Тіл

Сабыр

Жас әйел. Жас ана. Жүрегінде иман,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Жас әйел. Жас ана. Жүрегінде иман,Бес уақыт ғибадатын қалдырмас әсте.Бірақ әрдайым бауыры қан еді,Қайғысыз өткізе алмас бір сағатын.Қар ұшқынының ғұмырындай қуанышының ғұмыры,Қайғысы бұлттай жабар әлемді.Күн сайын күн өткізер зарын жұтып,Еш кетіре алмай бұлыңғыр мұңды.Бір күні Құдай оған жолықтырдыҰзақ жыл жасаған қарт әйелді.Сөзінен хикмет шашылып тұрар,Әлгі келіншек сұрады мына сауалды:«Неге бұл тағдырдың жазуы ащы,Неге өмірімде таусылмайды қайғы?Әрдайым жүрегімде азапты шаншу,Бір қуаныш бар ма, ақыры, маған да?!»Өкініш көрінді кемпірдің кенетӘжімге толы нұрлы жүзінде лезде.«Қызым, сонша аһ ұрып жылай берме,Өмір жолы әсте өтпес тегіс.Біл, бұл өмірдің әр сәті – сынақ,Ешкім бос емес – ер де, әйел де.Тұрмыс дегенің – сынақтың кені,Бірақ сабыр етсең, табарсың алтын!Егер қайғылардан тілесең азат,Саған баян етейін баға жетпес хикмет:Ең әуелі жүрегіңді тазала, өтінем,Лас ойларды кіргізбе әсте!Соң доғар өшпенділік пен менмендікті,Адамдардың азабын ұмыт мүлдем.Сабыр мен шүкір жібін мықты ұста,Өз айыбыңды тексеруді де біл.Біреуден ренжісең, ашу шашпа, жетер,Мүмкін қате сенде, күмәнданып көр.Тілдің орны, негізі, тор ғой,Тіліңнің еркін солай шекте!Ер – әйелге патша секілді,Патшаңа әсте қарсы шықпа.Әйтпесе орның болар Уайл атты шұңқыр,Бақытың гүлзарын хазан етпе.Егер ерің сенен наразы болса,Қуаныш пен шаттықтан мүлде бет бұр.Өйткені бұл – илаһи заң, ҚұдайЕрдің ризалығына жасырған нұр.Егер сөздерімді бір кеме біліп,Жүзе алсаң онымен шамаң жеткенше –Қайғылы өміріңе соңғы нүкте қойып,Тапқан ризығың болар бақыт пен саадат!»Акром МАЛИК

4 020рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.