Тіл

Махаббат

Күтпе!

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Күтпе!Күткен сайын уақытың өтпейді,Жүрек сырын ұқпас жанға жүрек ашпа.Бұл жаралар ескі, енді бітпейді,Азаптар – досың ғой, олардан қашпа.Жай ғана разы бол – топырақсың, тамам,Біреуден махаббат дәметпе мүлде.Ғашықтың азабы ояу әрдайым,Айтшы, сүюге батылы бар ма әркімнің?!Саған неше айттым, ей, есер көңіл,Қандай күйде де шешпе сауытыңды!Енді міне көргенің! Қорлығыңды көр,Жаның тоқтаусыз сыздап ауырар.Есуастықпен мұңлысың, ей, науқас мәжнүн,Ғашықпын деп әлемге масқара болдың.Халіңе дұшпандар шаттанып, риза,Тостағандай лық толы қайғыға толдың.Сүйгенің сүйіспеншілігіңнен әбден безінген,Сен оған ұмтылдың, ол кетер алыс.Неге өз жаныңа сонша азап,Кім айтты: «Өзіңді жалында жақ!»Күтпе!Күткен сайын сәттер ауыр,Аяғына тас байлағандай сағаттар жүрмес.Тек көңіл ме екен ол, сыздап ауырар,Ярдың жүзінен басқаны көрмес…Акром МАЛИК

4 340рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.