Өмір
Рахатта өтті бірнеше сәттер,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Рахатта өтті бірнеше сәттер,Тілде тәспих пен хамд, тәубе, истиғфар.Түстей болып қалды тіпті қамдар,Тыныштық құшағында тапты жүрек тұрақ.Тыныш кезер еді сәттер арасындаКапитаны рух болған тән кемесі.Кенет көтерілді топан гүрілдеп,Шашылды кеменің жабдығы.Бір залым көрінді көздерге,Ақыл-ес қашты да, көңіл мазасыз.Енді іс қалмады сиқырлы сөздерге,Енді сен де адам есебінде емессің.Енді жана бер отта шытырлап,Бірақ даусың шықпасын – жарыңа ауыр.Сонша шауып келген уақыт та ентігіп,Жүре алмай үнсіз қатты, сөзсіз, әлсіз.Аһ тартпа, ғашықтығыңды білмесін сұлу,Әйтпесе, ізін таба алмайсың.Жолдарына қарап қалар көздер,Өліп те оларды жаба алмайсың…Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.