Тіл

Өмір

Шегіргүл жаңбырда қалғаны сияқты

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Шегіргүл жаңбырда қалғаны сияқтыБасым жауған тастар астында қалды.Әзірейіл жандарды алғаны сияқтыҚайғы жүректен қуаныш нұрын алды.Нәубет ағашы өсті қаулап,Көлеңкесінен оның шыға алмай қалдым.Күйзеліс әскері теңіздей толқынды –Жеңе алмадым оны, құлата алмай қалдым.Аһ пен пәриядпен әр жауған тастыҚолға алып ақырын салдым назар.Көзімнен тыя алмай оттай жасты,Есімнен айырылдым, әттең, сақтай гөр.Нәубет ағашының тамырын шауып,Түбінен құрту үшін еттім ант.Тамырға қарадым да, бетімді жауып,Пәриядпен дедім: «Шынымен жоқ па бақыт!»Көз алдымда сұмдық сырлар әшкере екен,Өкінішті жасырын ұстау мүмкін емес қой:Жауған тастар өзім атқан тас екен,Өскен ағаш өзім еккен көшет қой!..Акром МАЛИК

4 050рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.