Даналық
Бірнеше шәкірт жиналып бір күн,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Бірнеше шәкірт жиналып бір күн,Жайлы бір отырыс құрды.Әрбірі өз пірін сипаттау үшінОртаға төкті мақтау жиынын.Бірі кәраматтан сөйледі тасып,Бірі ұзақ айтты пір батылдығын.Әр кім шабытқа толып ән айтқандай,Мақтар еді мүршидтің тақуа-ғибадатын.Бір мүрид үнсіз еді, тыңдар еді дыбыссыз,Әр кімге қарар еді ынтамен.Бірі деді оған: «Әй, әзиз дос,Сіз де айтыңыз, ақыр, құрметпен!Сіз де сипаттаңыз ұстазыңызды –Қандай кәраматы әрдайым айқын?Мүлде естімедік дауысыңызды,Айтыңызшы, піріңіз қай істе шебер?Мәселен, мүршидім – жолдың ашушысы,Шешен сөзімен жүректі жаулар.Сіз де таныстырыңыз піріңізді, ақыр,Қай белеске қай жолмен жетер?»Мүридтің ернінен інжудей болып,Жаңғырды тыңдаушылар күткен сөздер:«Не дейін? Ұстазымыз – түнектегі нұр,Оған лайық емес біз сияқты шикілер.Құспыз, бірақ біз үшін сүйікті – тор,Ұстаз қалайды бізді азат етуді.Бізге тұзақтар – әрдайым қызығу,Сонша соқыр болдық, соқыр болдық, әттең.Пірімнің қай сипатын қалай суреттейін?!Оның ғашықтығымен кеудемді тілгенмін.Мейлі, ішімдегі бір сырды айтайын:Үнсіздігіне үнемі қызыққанмын».Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.