Тіл

Даналық

Пірге үн қатты әлі шикі шәкірт:

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Пірге үн қатты әлі шикі шәкірт:«Зікір еттім ұзақ, таба алмаймын шабыт…Маған беріңіз тағы басқаша бір уірд,Одан жүрегім тапсын ләззат!..»Мейірімді назар салып кемел мүршид,Деді мейірімге толы дауыспен:«Жеткілікті жүкті арқалапсың,Енді мінезіңді ісіңе лайықта.Яғни бір кемшілігің бар, әзизім,Емдеуге мұқтажбыз, мұқтаж.Оны түзетпесек, әй, нұрлы көзім,Құлсың, басыңда болса да тіпті тәж.Яғни адамдардың кемшілігін әстеӘшкерелеме, айтпа, ішіңе үнсіз жұт.Медет берсін саған хақ Пәруардигер,Барша адамдардың айыбын жасыр!..Хаққа еріп, жасыр, жапПенделердің қара ісін түгел.Сонда көздеріңе перделерді ашып,Саттар Заты көрсетер нұрын үнемі».Акром МАЛИК

3 940рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.